Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Вице-министр Берік Арын: Нұр-Мүбарактің білім сапасына сүйенеміз

29/09/2017

— Елімізде зайырлылық пен дінге деген ұстамды көзқарасты дұрыс қалыптастыру — бүгінгі күннің талабы. Ел тұрғындарының 75 пайызы мұсылмандар болғандықтан Нұр-Мүбарак университетінің білім сапасына, дайындаған мамандарына ерекше үміт артамыз,-деді бүгін Нұр-Мүбарак университетіне келген Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын мырза. Әуелі ректор, профессор Жуда Абдулғани Басюнидің қабылдауында болған вице-министр университеттің алдағы 5 жылдық даму бағдарламасын жасауға қатысты мәселелерді тиянақты сөз етті. Ректормен кездесудің артынша вице-министрмен алғашқы курс студенттері және оқытушы-профессорлық құрамның жүздесуі екі ел әнұранымен ашылып, маңызды мәселелермен жалғасты.

 

 

— Жаңа заң жобасында діни мамандар болашақта орта және бакалавриаттық білімді әуелі елімізде алу керектігі, ал жоғары, магистратура және докторантуралық білім тиісті отандық мекемелермен халықаралық келісімшартқа отырған оқу орындарында ғана рұқсат ету керектігі қарастырылуда,-деді вице-министр.

Нұр-Мүбарак университетінің болашақ ел өміріндегі маңызы, мемлекет тарапынан өзге аймақтағы әкімдіктердің қолдап грант бөлуі, шәкіртақы тағайындауы, 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат, жаңадан қабылданатын заң жобасы жан-жақты сөз болды.

Сондай-ақ ҚР ДІАҚ министрі Нұрлан Ермекбаев мырза парламентте сөйлеген сөзінде исламтану ғылымының қазақ мектебін жандандыру мәселесін көтергеніне ерекше тоқталды. Қазіргі таңда радикалды ұйымдар өз мүдделері жолында қанша жасырын әрекет етсе де оларға жол берілмейтіні баса айтылды. Себебі бүгінгі еліміздің басты құндылығы тыныштық пен тұрақтылық, азаматтардың рухани мәдениеті екеніне ерекше тоқталған вице-министр Берік Арын мырза студенттермен жүздесуден кейін ғалымдар тобымен арнайы жүздесті. Университеттің даму стратегиясын, ғылымды дамыту, шәкірттер тәрбиелеудегі түйткілді мәселелер жан-жақты талқыланды.

Вице-министр Берік Сақбайұлы Нұр-Мүбарак университеті басшылығы, ұжымына, студенттерге алғысын білдіріп, болашққа зор үміт білдірді.

 

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар