• Бас бет
  • Жаңалықтар
  • Вице-министр Мысырдың лауазым иелерімен Нұр-Мүбаракты дамытуға қатысты талқылады

Вице-министр Мысырдың лауазым иелерімен Нұр-Мүбаракты дамытуға қатысты талқылады

16/01/2018

  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Каир қаласында 2018 жылғы...

 

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Каир қаласында 2018 жылғы 14-15 қаңтар аралығында жұмыс сапарымен болды. Вице-министр  Жоғарғы имам Шейх Әл-Азхар Ахмад Ахмад-Ат-Тайеб, Коп православ шіркеуінің басшысы Папа Тавадрос II, Мысыр Араб Республикасының Уақыфтар істері жөніндегі министрі Мұхтар Жұма, Мысырдың Сыртқы істер министрінің мәдени және дін мәселелері жөніндегі орынбасары Хибо Әл-Мараси, сондай-ақ Азия істеріне қатысты орынбасары Халид Саровпен кездесті.

Кездесулер барысында діни қызметті реттеу саласында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдары, соның ішінде «Нұр-Мүбарак» университетінің қызметін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасып, пікірі тыңдалды. Бұл жөнінде министрлік пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтында хабарлады.

Сондай-ақ Мысыр тарапының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кезекті алтыншы Съезіне қатысу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, Б.Арын сұхбаттасушыларды Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды, онда Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік және экономикалық жетістіктері – азаматтық бейбітшілік, ұлтаралық және конфессияаралық келісім бұл біздің басты құндылығымыз болып қала береді деп атап көрсетті.

Бұдан басқа, Съездің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі Уәкіл ретінде Б.Арын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Съез Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан биылғы жылдың күзі айында Астанада «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысуға шақыру хаттарын Министр М.Жұмаға және Папа Тавадрос II-ге тапсырды.

Вице-министр Мысырдың дін көшбасшыларының әлемдік беделін ескере отырып, осы маңызды дінаралық форумда Мысыр тарапынан, оның ішінде Шейх Әл-Азхар мен Папа Тавадрос II-нің жоғары өкілдігінің қатысуына үміт білдірді.

Тараптар Қазақстан мен оның көшбасшысының дүние жүзіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі дін көшбасшыларының күш-жігерін біріктіру жөніндегі қадамдарын жоғары бағалады. Олар алдағы Съездің тақырыбына үлкен қызығушылық танытып, форумға жоғары деңгейде қатысатындықтарын айтты.