Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Жаңалықтар

Вице-министрдің қатысуымен өткен дөңгелек үстел университет ғалымдарын тың бастамаларға бастамақ

18/01/2019

 

 

«Ұлы даланың жеті қыры» атты Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы ел ішін жаңа белестерге бастағаны анық. Себебі қазір бүкіл әлем рухани танымға ұмтылғандықтан, қазақ даласында шын мәнінде  рухани жаңғыру құбылысы байқалады. Бұған әсіресе ғалымдар тобы мүдделілік танытуда. Сондықтан Нұр-Мүбарак университетінде ұйымдастырылған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы талқылауға арналған дөңгелек үстелге  ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын мырза арнайы келді:

 

  • Терең тариxымызды түгендеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық мақаланың түгел түркі мен Ұлы даладан бастау алатын тамырлас жұрттардың да ортақ игілігіне айналары сөзсіз. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» жалпыұлттық бағ­дар­ламасының жаңа компоненттері ата-ба­баларымыздың көп ғасырлық мұра­сы­ның «Цифрлық Қазақстан» дәуірінде тү­­сінікті әрі сұранысқа ие болуын қам­та­­масыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүм­­кіндік береді. Өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту – елі­міз­дің табысты болуының кепілі, — деді.

Вице-министрден кейін Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры профессор Шамшәдин Керім: «Егер қазақ даласындағы ислам дінінің тарихын зерттейтін болсақ, бірнеше томдық еңбектер шығар еді. Біздің университет ғалымдары қазір тек кітап жазып қана қоймай, мемлекеттік деңгейдегі маңызды жобаларға ат салыса алады, яғни біз қашанда дайынбыз», — деді. Ал Дінтану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д.  Бақытжан Сатершинов  «Ұлы дала тұрғындарының дүниетанымы: рухани сабақтастық мәселелері» тақырыбында сөз қозғап, филос.ғ.д., профессор Қайрат Затов  өркениет хақында, архетиптер мен рәміздер жайлы баяндама жасады. Ал т.ғ.к., Жалпыуниверситеттік пәндер кафедрасының доценті Қатран Досымбек деректі жаңа көзқараспен талдауға қатысты зерттеулерді алға тартты.

Дөңгелек үстел барысында еліміздегі отбасы құндылықтарын сақтау, соған қатысты арнайы мемлекеттік жобалар қажеттігі де талқыға түсті. Оқу-әдістемелік басқарма бастығы Жалғас Сандыбаев ғалымдар талқылаған қоғамдағы түйткілдерге қатысты нақты ұсыныстар мен жобалар қажет екендігін атап өтті.

Осылайша  дәстүрлі рухани құндылықтарымыздың тамырына қайта оралудың өзекті тұстары мен қоғамның барлық салаларына қатысты маңызды тақырыптары қамтылған дөңгелек үстел Нұр-Мүбарак университетінің ғалымдар тобына жаңа идеяларға ой тастады деуге болады.

 

 

 

 

Ұқсас жазбалар