ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ!

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын!

ЫРЫС АЛДЫ – ЫНТЫМАҚ!

Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын!

Қазақ халқы ежелден бірлікті насихаттап, ынтымақты болуға шақырған. Бүгінде сол игі дәстүрді жаңғыртқан қазақ елі көптеген ұлттар мен ұлыстардың мекеніне айналды. Діні мен тілі, салт- дәстүрлері бөлек болса да тағдырлары бір мекенде тоғысып, Қазақстан атты бесікте ​ тербелген халықтар достығы әлемге өнеге болуда.

Халқымыз «Бірлік түбі – береке», «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік», «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп бірлік пен бауырластықтың ​ қоғамның барлық саласында да ​ маңыздылығына мән берген.

Қазақстан атты киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке,бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп, Отанымыздың өркендеуіне, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына еліміздің әрбір азаматы мүдделі. Сондықтан достық пен бірліктің маңызын еске түсіріп, ынтымаққа шақыратын бүгінгі​ Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

39