Жезқазған әкімдігінің өкілдері аймақтық шәкірттермен кездесті

28/12/2017

Жезқазған қаласы Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Мереке Мырзабекова мен бас маман Бақыт...

Жезқазған қаласы Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Мереке Мырзабекова мен бас маман Бақыт Саденқызы Нұр-Мүбарак университеті басшылығымен кездесті. Олармен болашақтағы жұмыс жоспарлары жайлы талқылап, аймаққа Нұр-Мүбарак түлектерін тарту туралы пікір алмасты. Университет ректоры, профессор Жуда Басюни, проректор, профессор Шамшәдин Керім мырзалармен кездесуден соң білім алушы аймақтық студенттермен кездесті. Нақтырақ, Жезқазған, Сәтпаев қалаларынан келген студенттермен тікелей жүздесіп, жастардың тыныс-тіршілігімен танысып, оқуларына қолдау көрсету. Осылайша оларды аймақта жұмыспен қамту. Бұл діни ахуалы алаңдатқан ең күрделі нысандарды білімді жас мамандармен қамтамасыз ету арқылы жат ағым жетегіне кетушілерге тосқауыл қою болмақ.

Жезқазған мен Сәтпаев қалаларынан барлығы 15 студент білім алуда. Олар Ішкі істер саясат саласының өкілдерімен қуана кездесіп, өз ойларын ортаға салды. Пікірлерімен бөлісті. Тіпті осы қысқы маусымдағы демалыс күндерін де тиімді пайдалану жағы қарастырылды. Мереке Батырбекқызы мен Бақыт Саденқызының ұсыныстарына сай студенттер де ата-ана, отбасыларымен ақылдасып ортақ шешімге келетіндерін жеткізді.