«Нұр-Мүбарак» мешіті

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің мешіті 2001 жылы салынған. Үлкендігі жағынан Алматы қаласы бойынша екінші мешіт деп саналады. 1000 адамның құлшылық жасауына арналған, көлемі 1233,9 шаршы метр. Ерлер ғибадатханасынан бөлек,  әйелдерге арналған құлшылық бөлмелері, оқу-дәрістерге арналған бөлмелер бар.  Мешітте жаназа шығару, неке қию өткізілмейді. Себебі, Нұр-мүбарак студенттерінің ғибадаттарымен қатар тәжірибелік дәрістерін өткізу жоспарланған. Жай оқу күндері студенттердің емін-еркін Құран жаттауларына жағдай жасалған. Жұма, айт және тарауих намаздары кезінде жалпы көпшілікке есік ашық. Жұма күндері қазақ-араб тілдерінде діни уағыз айтылады. Университеттегі ғалымдар, яғни мысырлық ғылым докторлары араб тілінде уағыз айтқан кезде, студенттер оны жалпы жұршылыққа тікелей аударып беріп отырады. Яғни студенттер уағыз айтып машықтанады, олардың кестесі жасалып, сол бойынша жүргізу тұрақтылыққа айналған. Қасиетті Рамазан айында университеттің қари-хафыз шәкірттері қасиетті Құранды толықтай хатым етеді. Діни мерекелер: Құрбан айт, Қадыр түні, Ораза айт, мәуліт (Пайғамбардың ( Оған Алланың игіліг мен сәлемі болсын) туған-күні), т.б. мерекелерді атап өту жүйеленген.

    Университет студенттерінен өзге қасиетті Құран оқуға ниеттенушілер үшін тажуид, фиқһ, ақида сабақтары  тегін жүргізіледі. Ислам негіздерінен өзге  Араб тілін үйренушілерге де арнайы курстар ұйымдастырылады.

 

japonsham1

 

japonsham2

 

 

japonsham4

 

japonsham5

 

japonsham6

 

japonsham7

 

japonsham12

 

japonsham13

 

japonsham14

 

 

 

japonsham9

 

japonsham3

 

japonsham16

 

 

 

 

sham4

Mechet4 Mechet7
Mechet8 Mechet9