Университет басқармасы

  • Университет  басшылығы

  • РЕКТОР

    Жуда АБДУЛҒАНИ БАСЮНИ

  • «Шариғат және заң» саласы бойынша
    доктор/1984/, профессор/2002/
    Туған жылы: 17.06.1946

    Ғылыми жолы және дәрежелері:

    1974 жылы әл-Азһарда  «Шариғат және заң» факультетін бітірген.
    1978 жылы әл-Азһардағы «Шариғат және заң» факультетінің «Шариғат саясаты» мамандығы бойынша «Алламен қарым-қатынас жасауда ислам шариғатының орны» атты магистрлік диссертациясын қорғап, «өте жақсы» деген бағаға ие болған.
    1984 жылы әл-Азһардағы «Шариғат және заң» факультетінің Шариғат саясаты мамандығы бойынша «Умауия мемлекетінің ислам шариғаты аясында қаржы істерін жүргізу мәселесі» атты докторлық диссертациясын қорғап, «Бірінші мәртебелі құрмет дәрежесімен» бағаланған.

    Қызметтік дәрежесі:

    24.02.1981 жылдан бастап аталған факультеттің «Ханафи фиқһы» кафедрасының оқытушы ассистенті;
    08.12.1984 жылдан бастап аталған факультеттің «Ханафи фиқһы» кафедрасының оқытушысы;
    10.02.1993 жылдан бастап аталған факультеттің  «Ханафи фиқһы» кафедрасының доценті;
    09.10.2002 жылдан бастап осы кезге дейін аталған факультеттің  «Ханафи фиқһы»  кафедрасының профессоры;
    30.12.2000 жылдан бастап  01.09.2002 жылға дейін және 03.07.2004 жылдан осы кезге дейін аталған факультеттің  Фиқһы кафедрасының жетекшісі;
    28.09.2009 жылдан бастап осы кезге дейін аталған факультеттің деканы.

    Доценттік алуға ұсынған 3 ғылыми еңбегі, профессорлық дәрежеге ұсынған 7 ғылыми еңбектері бар. Одан басқа да Ислам фиқһы, қарым-қатынас, ғибадат тақырыптарында бірнеше кітаптардың авторы.

    Ғылым саласындағы тәжірибесі:

    Жергілікті және халықаралық деңгейдегі ғылыми салалар бойынша зерттеулер мен Шариғат саясаты, фиқһ мамандықтары бойынша шамамен 120 докторлық және магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік жасаған.

    Ғылыми  журналдарды редакциялауға және мақалаларға төрелік жасау тәжірибесі:

    Египет мүфтияты ғылыми журналының комиссия мүшесі;
    Кувейт университетінің оқытушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі төралқа мүшесі;
    БАӘ-нің әл-Айн университетінің оқытушыларыдың біліктілігін арттыру жөніндегі төралқа мүшесі;
    Әл-Азһар университетінің барлық Шариғат және заң факультеттерінде және әртүрлі шариғат факультеттерінің төралқа мүшесі.

    Конференциялар:

    — Египетте және шетелдерде бірнеше ғылыми конференцияларға қатысып, ғылыми баяндамалар жасады;
    — «Білім сапасын арттыру және бекіту» ұлттық ұйымында  ЕАР тарапынан бекітілген дипломға ие болды;
    — Әл-Азһар университетінің түлектері одағының барлық конференцияларына қатысты;
    — Танта, Александрия, Мансура университеттерінің көптеген ғылыми конференцияларына қатысты;
    — Сауд Арабия Корольдігінің Ислам әлемі одағының конференцияларына қатысты;
    — Иордания Королінің қарамағында өткен Хашимиттік ғылыми басқосуларына қатысушы.

    Египеттегі соңғы қызметі: Әл-Азһардың Танта қаласында орналасқан «Шариғат және заң» факультеті Фиқһ кафедрасының профессоры,  факультет деканы.

    Қазіргі қызметі: Қазақстандағы «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры.


  • ПРОРЕКТОР

  • Қайрат  ҚҰРМАНБАЕВ
  • Исламтану ғылымы бойынша PhD доктор

    Ұлтықазақ

    Мамандығы :  Исламтану және дінтану пәндерінің оқытушысы

    Жоғары білімі:

    Бакалавр: Бүкіләлемдік ислам университеті Ливия –Триполи. 2001-2006

    Магистратура: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2007-2009

    Доктарантура: Египет Ислам мәдениеті университеті  2013-2016

    Мамандығы:  Исламтанушы, дінтанушы

    Жүргізетін пәндері Ислам құқығы, Хадис ілімі, Құран ілімдері

    Ғылыми еңбектері:

    1. Хадис ілімі (тарихы және әдіснамасы). – Алматы: «Нұр Мүбарак» баспасы, 2010. – 300 б.

    2. Исламдағы адам құқықтары. – Алматы, 2012. – 204 б

    3. Құран ілімдеріне кіріспе (оқу құралы). – Алматы: Нұр Мүбарак баспасы, 2013. – 392 б.

    4. Құран ілімдеріне кіріспе (оқу құралы). 2-ші басылым. – Алматы: Нұр Мүбарак баспасы, 2014. – 392 б.

    5. Хадис ілімі. Тарихы және әдіснамасы.  2-ші басылым. – Алматы: Нұр Мүбарак баспасы, 2014. – 300 б.

    Мақала, баяндамалар:

    1. Құрманбаев Қ. Ислам экономикасының үлгісі // Ғылыми педагогикалық журнал. «Әлеуметтік және экономикалық дамудағы дінің ролі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – VI. – Алматы: Шет тілдер және іскерлік карьера университеті, 2009. – 128-133 бб.
    2. Құрманбаев Қ.  Хадистердің тадуин және таснифы (жинақталуы мен реттелуі) // Исламтану және араб филологиясы мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – V. – Алматы: Нұр Мүбарак университеті, 2009. – 92-101 бб.
    3. Құрманбаев Қ.  Исламдағы өзге дін өкілдерінің құқықтары // Исламтану және араб филологиясы мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – VI. – Алматы: Нұр Мүбарак университеті, 2010. – 108-120 бб.
    4. Құрманбаев Қ. Әйел хадистанушылардың хадис іліміндегі орны // Исламтану және араб филологиясы мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – VII. – Алматы: Нұр Мүбарак университеті, 2011.
    5. Құрманбаев Қ. Исламдағы адамның еркіндік пен бостандық құқығы // Қазіргі күнде әлемдегі ислам: дамуы мен болашағы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Шет тілдер және іскерлік карьера университеті мен Мармара университеттерінің (Түркия) ұйымдастыруымен өткен халықаралық ғылыми-тәжрибелік конференция. – Алматы, 2012 ж. 18-22 сәуір.
    6. Құрманбаев Қ, Апахаев Н. Шариғат пен заң аясындағы хижаб // Әділеттің ғылыми еңбектері. Каспий қоғамдық университеті. – Алматы, 2012 ж. № 2.
    7. Құрманбаев Қ, «Әйел хадистанушылардың хадис іліміндегі орны» // «Әйел және дін» атты халықаралық форум. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Қазақстан Республикасы Дін істер агенттігі ұйымдастырған. 04.03.2013.
    8. Құрманбаев Қ, «Хусамуддин әс-Сығнақидың усул әл-фиқһ еңбектеріндегі мухкам және муташабиһ мәселелері» // Исламтану және араб филологиясы мәселелері: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – V. – Алматы: Нұр Мүбарак университеті, 2013. – 92-101 бб.
    9. Құрманбаев Қ. Хусамуддин әс-Сығнақидың рухани мұрасы // Материали за 10-а международна практична конференция, «Новината за напреднали наука»,–2014. Том 12. Философия. София. «Бял ГРАД-БГ» ООД – 80 стр.
    10. Құрманбаев Қ. Исламдағы құқықтық үкімдерді шығарудағы араб лингвистикасының рөлі // Ханафи мәзһабы – орталық Азияның рухани мұрасы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Ақтөбе, 20- маусым, 2014.
    11. Құрманбаев Қ. «Хусамуддин әс-Сығанақи еңбектеріндегі «насых» теориясы» // ҚазҰУ «Хабршысы», философия сериясы, мәдениеттану сериясы, саясаттану сериясы, № 2(47).  – Алматы, «Қазақ университеті», 2014. – 75 б.
    12. Құрманбаев Қ. «Ислам құқығындағы араб лингвистикасының маңыздылығы» // ҚазҰУ «Хабршысы», шығыстану сериясы, № 2(68). – Алматы, «Қазақ университеті», 2014. – 119 б.