• Бас бет
  • Оқу-әдістемелік бөлім қызметтік функциясы

Оқу-әдістемелік бөлім қызметтік функциясы

— Білім беру үрдерісін жетілдіру үшін университетте оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізе отырып, білім беру сапасын арттыру.

— Еңбек нарығының қажеттілігін қамтамасыз етуде мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес теориялық және практикалық білімдерін толық меңгерген, кәсіби шебер мамандарды дайындау;

— Кафедраның оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарына басшылық жасау, бақылау, ұйымдастыру.

Оқу-әдістемелік бөлім мақсатқа жетуде келесідей міндеттерді атқарады:

— Оқу-әдістемелік жұмыс дамуының жай-күйін талдау, университеттің білім беру үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

— университетте білім берудің сапасын арттыру;

— Оқу-әдістемелік және білім беру үрдісінде ұдайы мониторингтер жүргізіп, талдау жасау;

Оқу жұмысында:

— ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, ҚР БжҒМ нұсқаулы-нормативтік құжаттарына, университет  басшылығының бұйрық-жарлықтарына сәйкес білім беру үдерісін оқу-әдістемелермен қамтамасыз ету;

— Оқу үдерісінде студенттер мен оқытушылардың Ішкі тәртіп Ережесін бұзбауын қадағалау;

— Деканаттағы әдістеме жетекшілерінің жұмысы ұйымдастыру;

— МАК жұмысы бойынша хатшылардың жұмысын басқару және бақылаумен қатар төрағалардың есебін сараптау;

— Күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне қажетті студенттік билеттер мен сынақ кітапшаларын, диплом көшірмесін    толтыру, академиялық анықтамалар беру және дипломдық жұмыстың жазылу үлгілерін көрсету;

— Кафедрадағы шататтарды анықтап, сағаттар бөлу және кафедра оқытушыларының оқу жұмыс жоспары мен оқу  жүктемелерінің орындалуын қадағалау;

— Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің (факультеттер, кафедралар) әдістемелік жұмыстарын кредиттік оқыту   технологиясына сәйкес ұйымдастыру және үйлестіру;

— Оқу-әдістемелік қорды дамыту және оның қызметін нығайтуда іс-шаралар жүргізу;

— Оқу үрдісіне жаңа оқу бағдарламалары мен ұсыныстарды енгізу.

Әдістемелік жұмысында:

— Кафедраның әдістемелік жұмыстарына басшылық ету;

— Кафедра жұмысына алдыңғы қатарлы тәжірибені енгізу және жұмыс тәжірибесіне енгізу;

— Оқу-әдістемелік құралдарды және әдістемелік нұсқаулықтар шығару;

— Университеттің әдістемелік жұмыстары негізінде оқу құралдарымен толықтыру;

— Білім беру үрдісінің жаңа және қолданыстағы технологияларының, әдіс-тәсілдерінің үлгілерін әзірлеу, енгізу;

— Өзара сабақтарға қатысуды, ашық сабақтарды өткізу және оны талдауды ұйымдастыру;

— Кафедрада оқытудың белсенді әдістерін қолданудың картотекасын құру;

— Оқу-әдістемелік сұрақтар бойынша профессорлар-оқытушлық құрамына кеңес беру;

— Кафедраларда ТОҚ пайдалану бойынша картотека құру және қысқаша сипаттау;

— Техникалық оқу құралдарына, оқу-әдістемелік құралдарға көрме ұйымдастыру және бақылау;

— Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамының өзін-өзі аттестациялау рәсіміне қатысу.