Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Оқу ақысын төлеу

Құрметті студенттер, магистранттар және докторанттар!

Оқу ақысын төлеу тек Қазақстан республикасының банктері арқылы жүзеге асады.

МАҢЫЗДЫ!!! Оқу ақысын төлеген кезде қаражатты  НЕ ҮШІН (аударым /оқуға қайтадан орналасу, жазғы семестр) төлейтініңізді міндетті түрде көрсетіңіз !!!



Оқу ақысын төлеу мерзімі жыл сайын 25 тамызға дейін (білім беру туралы келісімі бойынша) 30% мөлшерінде. Әрі қарай төлеу келісімшарт бойынша бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі:
-желтоқсан айында (жыл сайын) 40% және  сәуір айының соңына дейін (жыл сайын) оқу ақысының қалған 30% төленуі тиіс.

Сондай-ақ, сіз оқу ақысын онлайн-банктегі қосымшалар (kaspi.kz) арқылы төлеуіңізге болады. Университеттің шотына қаражаттың аударылғанын және қарыздың жоқтығын анықтау үшін сіз 302-09-39 (ішкі 144) телефонына қоңырау шала аласыз.