Араб тілі орталығы

Әл-Фараби көшесі, 73, №2 корпус, каб. 105

Тел: +7(727) 302 09 39

Елімізде араб тіліне қызығушылық танытып, үйренгісі келген әр адамға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы араб тілі орталығы осы уақытқа дейін үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Араб тілі орталығында бастауыш топтарға араб әліпбиін үйрету жыл сайын қыркүйек айынан басталады. Әр ай сайын жаңадан топ жиналады. Уақыты жарнамада көрсетілген. Топқа қабылдауға жасқа шектеу қойылмаған. Әр айда аптасына екі реттен айына 20 сағат сабақ өтіледі. Дүйсенбі және бейсенбі күндері қыс мезгілдерінде сағат 1600–1800 аралығында, ал, көктем, жаз мезгілдерінде 1700 мен 1900 уақыт аралығанда болады. Айлық төлемақысы, бір айға 2000 теңге. Оқудың жылдық мерзімі 1 жыл, яғни 10 ай. Курс деңгей-деңгейге бөлініп оқытылады. Бір деңгейден екінші деңгейге өту үшін, оқыған бір ай ішінде алған білімін дәлелдеп, өту емтиханын тапсырады. Емтиханнан өткен жағдайда келесі деңгейге жіберіледі. Бастауыш топтың сабақ кестесі өзгермей, тұрақты түрде жүргізіледі. Ал, қалған топтарда кесте білім алушылармен келісе отырып қойылады. Курсты толық аяқтаған білім алушыға араб тілі орталығының сертификаты беріледі.

Орталық директорының орынбасары филология ғылымдарының кандидаты, доцент Имашева Гүлім. Оқытушылары: магистр Тлебалдина Сауле және Есенгелдиев Ералы.

Бұл орталықты жыл сайын 130-150 адам оқып, бітіріп шығады.

Араб тілі курсы сабақ кестесі

Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі

Бастауыш топ

17:00-19:00

Тлебалдина С.

Бастауыш топ

17:00-19:00

Тлебалдина С.

І деңгей

17:00-19:00

Тлебалдина С.

ІІІ деңгей

8:00-10:00

Тлебалдина С.

ІІ деңгей

17:00-19:00

Есенгелдиев Е.

ІІІ деңгей

17:00-19:00

Тлебалдина С.

Екінші деңгей

17:00-19:00

Есенгелдиев Е.