• Бас бет
  • Орталықтар
  • Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты

Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты

Институт 5 қыркүйек 2016 жылы ашылды.

05/09/2016

Бейресми деректер бойынша қазір елімізде 16 мыңға жуық адам жат ағым жетегінде. Енді бүгіннен бастап ел арасындағы экстремистік топтар мен жат ағымдарға қарсы күресуші мамандарды даярлау мәселесі мықтап қолға алына бастады.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіндегі  «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау  институтының»  ашылу салтанатында  ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Бүгінде мешітке келетін жамағаттың 85-90 пайызы жастар. Ал жалпы еліміздегі рухани ізденіске түскен жандар  ғаламтор  арқылы жат ағымдардың  уағыз-насихатына иланып жатады. Жат ағым жетегіндегілермен жұмыс жасау үшін осындай топ керек еді. Себебі имамдардың жалпы білімі болса да, дәл теріс діни топтардың алған бағытына қарсы  күрес мәселесі бөлек әдісті талап етпек. Сондықтан, біз осы жағдайларды ескере отырып, алдағы 1-2 жылда 200-300-ге дейін мамандарымызды қайта даярлау курсында білімдерін пысықтаймыз деген үміттеміз»,-деп алдағы жоспарларға тоқталып өтті.

050920166

«Біздің университет шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, ел ішіндегі діни мәселелер мен түйткілдерен де күресуге дайын. Себебі бұл баршамызға ортақ мүдде. Сондықтан, мен Мысырда осы екі ел арасындағы келісімдерге сай біршама лауазымды азаматтармен жолыққан едім. ЕАР Уақыфтар министрі Мухаммад Жұма мырзаның сіздерге арнайы сәлемін жолдаймын. Болашақта бұл жаңа институтқа әл-Азһар университетінен осы салаға маманданған арнайы  2 профессор келетінін айтқым келеді»,-деді Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Жуда Басюни.

050920161

Бұл бастама 2016 жылдың 10 мауысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесі отырысында мемлекеттік органдарға жүктелген бірқатар тапсырмаларға сәйкес жүзеге асып отыр. Елбасы нұсқауына сай ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіштің төрағалығымен Жұмыс тобы құрылған болатын. Аталған Жұмыс тобы  ҚР МСМ мен ҚР БҒМ-не  жаңа институтты Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті жанынан ашуға тапсырма жүктеген-ді. Себебі бұл университет білікті мамандар мен ғалымдардың орталығына айналғандықтан олар ислам, дін төңірегінде кез-келген сауалға жауап бере алады. Бір ғана Мысырдың әл-Азһар университетінен  14 ғылым докторы қызмет ететінін де айта кетейік.

Ал қазір елімізде  жат ағымдар жетегінде қанша жерлестеріміз жүр деген сауалға ҚР МСМ Дін істер комитетінен Балғабек Мырзаев: «бейресми деректер бойынша  15-16 мыңдай адам. Оның ішінде такфиристер, жиһадистер деп түрлі ағымдарға бөлініп жатады. Ал Сирияға 500-ге жуық адам кеткен. Сондықтан біз осы мәселелердің барлығын зерттеп, талдап, олардың теріс бағытқа кетуіне не себеп екендігін жан-жақты сараптаудамыз. Қазірдің өзінде «Ақ-ниет» оңалту орталығы жат ағым құрбандарымен жұмыс жасауда.

«Бұл ұлттық проблема. Себебі қаншама қаракөздеріміз темір торға тоғытылып, тағдырлары талқандалып жатыр. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, бұдан кейін өзгелердің жат ағым құрбаны болмауы үшін жан-жақты еңбек етуіміз маңызды»,- деді Нұр-Мүбарак университетінің проректоры, профессор Шамшәдин Керім мырза.

Жаңадан ашылған институт директоры болып Нұр-Мүбарак университетінің оқытушысы, PhD доктор Қайрат Құрманбаев тағайындалды. Еліміздің әр аймағынан келген 20 имамға институт мамандары бүгіннен бастап дәрістерін бастап кетті.

050920162

 

050920163

 

050920164

 

050920165

 

 

 

050920167

 

050920168

 

050920169