Университеттің дайындық курстары

dainkurs1

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті күн сайын даму үдерісін  арттырып,  білікті мамандар дайындау үшін оқу бағдарламаларын жетілдіре түсуде. Осы мақсатта 2014 жылы маусымның 14 жұлдызында университет алды дайындық курсы ашылды.

dainkurs2

Алматы облысы Талғар ауданында орналасқан оқу орталығы 120 шәкіртке арналып  жасалған. Орталықтың зәулім ғимараты шәкірттердің білім алуы мен құлшылық-ғибадаттарын өтеу үшін заманауи талапқа сай салынған. Бұл орталықта оқу мерзімі — кемі 8 ай. Оқу бағдарламасы бойынша Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі. Сондай-ақ Қазақсатан тарихы мен қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тест емтихандарына дайындық сабақтары беріледі.

Сабақты Мысырдағы Әл-Әзһар университетінің түлектерінен іріктелініп алынған  білікті мамандар береді. Дайындық курсына жасы 30-ға толмаған ислам жолымен жүретін тақуа, талапты, қабілетті жастар қабылданады. Олардың  жатар орын, ас-тағамдары толықтай қамтамасыз етіледі.

 

Бақанастағы Дайындық курсы  

                                                                                                                                                                          

                                                                            

                                                                                                                                                                                                                                             

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті  тағы жаңа дайындық курсымен толықты.  Алматы облысы, Балқаш ауданындағы  Бақанас ауылдық округіне қарасты Бояулы ауылында 30 шәкіртке шақталған заманауи үлгідегі дайындық курсы пайдалануға берілді. Молдақасым мешітінің жанынан салынған Орталықта шәкірттердің  білім алуына  арнайы жабдықталған бөлмелер, бай кітапхана,  жатар орны, асханасы барлығы талапқа сай.

Нұр-Мүбарак университетінің Талғар мен Бақанас аудандарындағы  Дайындық курстары  арнайы бағдарлама бойынша  және Бірыңғай ұлттық тесттегі   емтихан пәндеріне  дайындық ретінде білікті ұстаздар дәріс бермек.

Дайындық курсына орта мектепті тәмамдаған жасы 30-ға толмаған ислам талаптарына  бойұсынушы талапты, қабілетті  жастар қабылданады. Жатар орын, ас-тағамдары толықтай тегін.

Құжаттар   қазанның 2 жұлдызына дейін қабылданып, 3-5 қазан аралығында сұхбат өткізілмек.

Қажетті құжаттар:

  1. Өтініш;
  1. 2.      Жеке куәлік көшірмесі;
  1. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  2. 3×4 мөлшердегі 6 фотосурет;
  3. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография түсірілімі;
  4. Наркологиялық анықтама;
  5. Сотталмағандығы туралы анықтама.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73,  «Академиялық қалашық» аялдамасы.

Телефондар: 8 /727/ 302-09-40, 302-09-42.

Факс: 8/727/ 302-09-30.

Ұялы тел: 8702 108 17 18

Сайт: www.nmu.kz      Email: nurmubarak2001@mail.ru  

                                                                           

 ФОТОБАЯН