
НҰР-МҮБАРАК УНИВЕРСИТЕТІ ҰСТАЗДАРЫМЕН «ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН» МАРАФОНЫ ӨТЕДІ!
Сүйінші! Аяулы әпке-сіңлілер, қадірлі әйелдер қауымына қасиетті айдағы Нұр-Мүбарак университетінің шашуы! Мұсылман баласы асыға
Сүйінші! Аяулы әпке-сіңлілер, қадірлі әйелдер қауымына қасиетті айдағы Нұр-Мүбарак университетінің шашуы! Мұсылман баласы асыға
Асыға күткен айлардың сұлтаны қасиетті Рамазанмен қауыштырған Аллаға сансыз мадақтар болсын!
УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ТИМУР НҮСІПХАНҰЛЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 15 ШАРАДА ДӘРІС
Нұр-Мүбарак университетінің Талғар қыздар дайындық курсы жаңа ғимаратының іргетасы қаланды Алматы облысы Талғар қаласында
«Көптілділік – бүгінгі заман талабы» атты IІІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті «Көптілділік
Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасындағы ҚҰРАН САЙЫСЫ өтеді Уақыты: Алматы қаласы, 28-30
Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасындағы ҚҰРАН САЙЫСЫ өтеді Уақыты: Алматы қаласы, 28-30
Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстан мен Египет Араб респуликасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Университеттің ең жоғарғы басқару органы: екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған Қамқорлар кеңесі. Университеттің білім беру бағдарламалары ҚР Білім және Ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес жасалынады. Университет Қазақстандағы ТОП-20 ЖОО қатарына кіреді.
Университет қаламздың экологиялық таза аймағында Алатау бөктерінде орналасқан. Университетте: 2 оқу корпусы, жатақхана, спорттық кешен (футбол, волейбол, баскетбол, мұз айдыны, жаттығу залы), кітапхана, оқу залдары, студенттерге қызмет көрсету орталығы, «NM-collection» тігін шеберханасы, NMU-shop, асхана жұмыс істейді.
Университет 13 білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайды.
Бакалавриат бөлімінде:Исламтану, дінтану, теология мамандықтарына қабылданудың шекті балы -50. Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының шекті балы -70. Бұл ретте ҰБТ және Шығармашылық емтиханның әрбірінен 5-тен жоғары балл жинау талап етіледі.
Биыл мектеп бітіруші талапкерлер үшін бектілген пәндер бойынша ҰБТ тапсыруы міндетті. ҰБТ нәтижесімен 20 маусым мен 5 шілде аралығында университтеттің қабылдау комиссиясына хабарласып, шығармашылық емтиханға өтініш береді және шілде айының 13-20 күндері аралығында мемлекеттік білім гранты конкурсына өтінім бере алады.
Университетте барлық мамандықтар бойынша грант қарастырылған. Маусым айында тапсырылған ҰБТ мен шығармашылық емтиханда шекті балды жинағанталапкерлер 13-20 шілде аралығында Білім гранты конкурсына қатысуға өтініш береді. Емтихандардан жоғары балл жинаған талапкер конкурс нәтижесі бойынша грант иегері атанады.
1) Өтініш;
2) Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
3) 3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;
4) 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
5) 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
6) Жеке куәлік көшірмесі қатарлы құжаттар талап етіледі.
Университетте 610 орындық жатақхана бар. Бірінші кезекте 1-курс студенттері жатақханамен толықтай қамтамасыз етіледі. Қалған курстарға әлеуметтік жағдайына байланысты беріледі.