20 наурыз 2011 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед университетке арнайы ат басын тіреді.
Министр Мұхтар Абрарұлы университеттің жаңадан пайдалануға берілетін ғимаратымен танысып, оқытушы-профессорлық құраммен жүздесті. „Нұр-Мүбарак„ университетінің тыныс-тіршілігі мен болашақ даму-жоспары жайлы ой бөлісті.