Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Фотогалерея

Университетіміздегі «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының»  ашылу сәті

05/09/2016

Қазір елімізде 16 мыңға жуық адам жат ағым жетегінде ден саналады. Сондықтан ел арасындағы экстремистік топтар мен жат ағымдарға қарсы күресуші мамандарды даярлау мәселесі қолға алынды. Соның нақты дәлелі, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіндегі  «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау  институтының»  ашылуы.

Бұл бастама 2016 жылдың 10 мауысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Қауіпсіздік Кеңесі отырысында мемлекеттік органдарға жүктелген бірқатар тапсырмаларға сәйкес жүзеге асып отыр. Елбасы нұсқауына сай ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары С.Әбіштің төрағалығымен Жұмыс тобы құрылған болатын. Аталған Жұмыс тобы  ҚР МСМ мен ҚР БҒМ-не  жаңа институтты Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті жанынан ашуға тапсырма жүктеген-ді. Себебі бұл университет білікті мамандар мен ғалымдардың орталығына айналғандықтан олар ислам, дін төңірегінде кез-келген сауалға жауап бере алады. Бір ғана Мысырдың әл-Азһар университетінен  14 ғылым докторы қызмет ететінін де айта кетейік.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Бүгінде мешітке келетін жамағаттың 85-90 пайызы жастар. Ал жалпы еліміздегі рухани ізденіске түскен жандар  ғаламтор  арқылы жат ағымдардың  уағыз-насихатына иланып жатады. Жат ағым жетегіндегілермен жұмыс жасау үшін осындай топ керек еді. Себебі имамдардың жалпы білімі болса да, дәл теріс діни топтардың алған бағытына қарсы  күрес мәселесі бөлек әдісті талап етпек. Сондықтан, біз осы жағдайларды ескере отырып, алдағы 1-2 жылда 200-300-ге дейін мамандарымызды қайта даярлау курсында білімдерін пысықтаймыз деген үміттеміз»,-деп алдағы жоспарларға тоқталып өтті.

050920161

050920162

 

050920163

 

050920164

 

050920165

05092016-ins10

 

05092016-ins11

050920166

 

050920167

 

050920168

 

050920169

 

05092016-ins12

Ұқсас жазбалар