Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Фотогалерея

Заманымыздың ислам ғұламасы Шейх Мухаммад Саид Тантауи мен сол кездегі ЕАР Уақыфтар министрі Махмуд Хамди Зақзұқ мырзалардың Нұр-Мүбарак ЕИМ университетіне келген кезі (14.09.2006ж).

15/11/2016

 

Шейх Мухаммад Саид Тантауи (28.10.1928 – 10.03.2010 ж.ж.) – Заманымыздың  заңғар ғұлама, Ислам  дүниесіндегі айтулы тұлғаның бірі, әлемдегі ең көне және ең ірі “Әл-Азхар” ислам университетінің ректоры, Мысырдың  Бас муфтиі болған.

Лаңкестікке қарсы идеологиялық күреске айрықша мән берген және өзі соның басында болған қайраткер еді. Ол ислам  дінінің әділет­сіздікпен, басқын­шылық­пен, жазықсыз адамдарды қырып-жоюға мүлдем  қарама-қайшылықтағы өркениет діні екендігін дәлелдеп өткен тұлға.  Себебі оның пікірін ислам діни қайраткерлерінің көбі айтқанымен, іс жүзінде  сол араб, мұсылман елде­рі­нің  көпшілігінде  бар лаңкестік ұйымдарға қарсы пәрменді күрес жүргізе қоймайды, «ислам оларды қолдамайды» деумен шектеледі. Ал Тантауи болса, лаңкестерді айып-тау­мен қатар, өзінің құзыры жет­кен дәрежеде әкімшілік, діни мекемелерден лаңкестерге қарсы пәрменді күрес жүргізуді талап етіп отырды.

Шейх Мухаммад Саид Тантауи Қазақстанға  Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының II-III Съуздерінің құрметті қонағы болып, арнайы сөз сөйлеген. Осы бейбітшілік пен достық сапарында ғұлама  Шейх Мухаммад Саид Тантауи біздің Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы келіп, студенттермен жүздесіп, ізгі насихаттары мен ақ батасын берген болатын.

 

tantaui1

 

tantaui2

 

tantaui3

 

tantaui4

 

tantaui5

 

tantaui8

 

tantaui6

 

tantaui9

 

 

tantaui12

 

tantaui11

 

tantaui13

 

tantaui14

 

tantaui15

 

tantaui16

 

 

Ұқсас жазбалар