Рейтинг

ҚР 2018 жылғы ЖОО рейтингі бойынша Нұр-Мүбарак университеті ТОП-20 үздік университеттер қатарында

    Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жүргізген еліміздегі жоғары оқу орындар арасында «Қазақстан Республикасының ТОП-20 жоғары оқу орындарының бас рейтингі» жобасы бойынша бірнеше бағыттан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті өте жоғары нәтижелер көрсетті.

    Қазақстандағы сұранысы жоғары ЖОО – 2018  ұлттық рейтингіне 75 жоғары білім ордасы қатысуға ниет білдіргенімен, оның 17-нің құжаттары кейін қайтарылған. Осылайша ұлттық рейтинг анықтауға 58 ЖОО: 6 ұлттық, 21 мемлекеттік, 7 акционерлік және 24 жеке оқу орындар қатысты. Қазақстанның 58 ЖОО-лары қатысқан Тәуелсіз рейтинг және аккредиттеу агенттігі ұйымдастырған рейтингісінің қорытындысы 2018 жылдың 15 мамырында «Казахстанская правда» газетіне жарияланды.

    Нұр-Мүбарак университеті гуманитарлық ғылымдар бойынша 4-орынға ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дан кейінгі орында.

    Осылайша, Нұр-Мүбарак университеті мамандарды даярлау саласында университтердің институционалдық (жалпы) рейтінгісінде еліміздегі ең үздік 20 оқу орнының арасында алдыңғы қатарға көтерілді. Бұл жайлы агенттіктің www.iaar.kz  ресми сайтында да жарияланды.

     Рейтингте университеттің 7 білім беру бағдарламалары қатысып, алтауы жүлделі орынға ие болды.

                     Мамандық атауы Балл Орын
1 5В021500 –  Исламтану (бакалавриат) 1551 1
2 6М021500 – Исламтану (магистратура) 544 1
3 6D021500 –  Исламтану (докторантура) 620 1
4 5В020600 – Дінтану  (бакалавриат) 1146 2
5 6М020600 – Дінтану    (магистратура) 610 1
6 6D020600 – Дінтану    (докторантура) 1051 2