Ержан қажы Малғажыұлы МАЯМЕРОВ
Ректор кеңесшісі
Ғылыми дәрежесі: исламтанушы, магистр
16 желтоқсан 1972 жылы дүниеге келген.
1990 жылы ШҚО Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған;
1992-2006 жж. Египет Араб Республикасындағы Әл-Азһар Ислам университетінің Шариғат және заң факультетін оқып, тәмамдаған.
2006-2008 жж. Мысыр мұсылмандары мүфтиятында Пәтуа шығару бөлімінде білімін жалғастырды;
2008 ж. Семей қалалық Доланбай ата мешітінің бас имамы қызметін атқарған;
2011-2013 жы жж. ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы қызметін атқарды; ;
2013-2017 жж. аралығында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметін атқарды;
2017 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының кеңесшісі қызметін атқаруда.
Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстандағы ислам дінінің өркендеуіне сүбелі үлес қосып келе жатқан тұлға.
ҚМДБ-ның төрағалығы кезінде «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», сондай-ақ қоғамда туындаған сан салалы сауалдарға нақты жауап беретін «Дін мен дәстүр» кітаптары, «Жұма мінбері» жинақтары, т.б. маңызды жобалар жасалды.