Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

ТЕОЛОГИЯ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАН БАҒДАРЛАМАСЫ (Екінші жоғарғы білім)

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

«6В022003-Теология» Екінші жоғарғы білім беру бағдарламасы бойынша емтихан өткізу туралы ереже

Жалпы ережелер

 

Екінші жоғарғы білім беру бағдарламасы бойынша «6В022003-Теология» мамандығына түсетін талапкерлер үшін қабылдау емтиханы сұхбаттасу түрінде өткізіледі.

Емтиханның мақсаты талапкерлердің дін негіздері бойынша білімі мен кәсіпке жарамдылығын тексеру болып табылады.

Емтиханды Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.

Емтихан 2019 жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Мамандық бойынша емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.

Емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.

Емтихандардың кестесін (күні, уақыты және өткізілетін орны, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

Емтихан «өтті/өпеді» деп бағаланады.

 

Емтиханды қабылдау тәртібі

Емтихан өткізу аудиториясына жіберуді және сұхбат өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

Емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

Талапкер емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.

Талапкер емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.

Сұхбат өткізу кезінде аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

Емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.

Сұхбаттасу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол емтиханды жазбаша өтініші мен емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.

Емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар:

-талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

-төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).

-дәлелді себептер бойынша емтиханға келмеген тұлғалар оған емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.

Дәлелсіз себептермен емтиханға келмеген талапкерлер емтиханға жіберілмейді.

Емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

Емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомостымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.

Емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.

Емтихан нәтижелері тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.

Сұхбаттасу нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.

Талаптарды сақтауды және сұхбаттасу кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде емтихан тапсырушы тұлғалардық құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі қарастырылмайды.

Емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

 

Нормативтік талаптар

«6В022003-Теология» Екінші жоғарғы білім беру бағдарламасына түсуге ынта білдірген талапкерлердің кәсіби біліктілігін тексеруді талап ететін сұхбаттасу мамандықтар қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен талаптары шығармашылық қабілеттері бар, дін негіздері бойынша белгілі деңгейде сауатқа ие тұлғаларды таңдау мақсатында құрылған.

Осы мамандықтарға түсу үшін талапкерлердің дін негіздері бойынша білімі мен кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін сұқбаттасу түрінде емтихан қабылданады.

 

 

«6В022003-Теология» Екінші жоғарғы білім беру бағдарламасына түсушілерге арналған емтихан сұрақтары

 

  1. Қазақстандағы дін мен мемлекет арақатынасы жайлы не айтасыз?
  2. Қазақ даласында таралған діндер.
  3. Дінге берілген анықтамаларға талдау жасаңыз
  4. Діннің қоғамдық қызметтері
  5. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары
  6. Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
  7. Қазақ топырағындағы христиандық тарихы
  8. Дін мен ғылымның арақатынасы
  9. Ислам сенімінің өзге діни сенімдерден ерекшеліктері қандай?
  10. Ислам дінінің қазақ топырағындағы тарихына шолу жасаңыз.
  11. Діндер классификациясы:монотеистік діндер.
  12. Қазақ топырағындағы ислами мәдениет ошақтары
  13. Қазақстанда діни ағымдар мен қауымдардың көбею себептерін айтыңыз
  14. Інжіл – христиандардың қасиетті кітабы ретінде
  15. Ислам дініндегі төрт мәзһаб жайында баяндаңыз
  16. Қазақ топырағынан шыққан әйгілі ғұламалар
  17. Мұсылмандық мерекелер туралы мәлімет беріңіз
  18. Қазақтың діни мәндегі салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріңіз
  19. Қазіргі Қазақстандағы діндерді атаңыз
  20. Қазақ ақын-жырауларының діни көзқарастарына түсініктеме жасаңыз
  21. Діни экстремизм мен терроризмге қандай анықтама бересіз
  22. Исламның бес шартына қысқаша тоқталыңыз
  23. Абай мен Шәкәрімнің ислам діні туралы көзқарастары
  24. Ежелгі қазақ сенімі мен исламдық құндылықтар арасындағы ұқсастықты, үндестікті түсіндіріңіз
  25. Сүннет дегеніміз не?
  26. Сүннеттің ислам дініндегі орнын анықтаңыз
  27. Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  28. Діни және атеистік сенімнің ерекшелігі
  29. Мұхаммед пайғамбардың өмірі: (Пайғамбарлыққа дейінгі кезең)
  30. Кеңес үкіметі кезінде мемлекеттің дінге деген көзқарасына тоқталыңыз
  31. Исламдағы тағдырға деген сенім
  32. Ислам және христиан дінінің сеніміне салыстырмалы талдау жасаңыз.
  33. Ислам теологиясының негізгі тақырыптары
  34. Пайғамбардың сахабалары туралы мәлімет беріңіз
  35. Кеңестің кезеңдегі ислам дінінің жағдайы туралы мәлімет беріңіз
  36. Қазақтардың исламға дейінгі сенімі: тәңіршілдік
  37. Исламдағы харам түсінігі және тыйым салынған әрекеттер туралы мәлімет беріңіз
  38. Ислам өркениетінің батыс әлеміне ықпалы
  39. Иудаизм дінінің қасиетті кітабы жайында мәлімет беріңіз
  40. Мұхаммед Пайғамбардың ислам дінін тарату мен насихаттаудағы қызметін ашып көрсетіңіз
  41. Үнді діндерінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
  42. Исламдағы зекет құлшылығының әлеуметтік пәні
  43. Құрандағы сүрелер мен аяттар турасында түсінік беріңіз
  44. Христиан дінінің пайда болу, даму тарихын баяндаңыз
  45. Сопылық ілімнің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
  46. Қазақ діни ағартушылық мәдениетіндегі мешіттер мен медреселердің маңызын түсіндіріңіз
  47. Дін мен дәстүр сабақтастығы.
  48. Алғашқы наным-сенімдер: анимизм, фетишизм, тотемизм, магия.
  49. Исламда періштеге сенудің маңыздылығы
  50. Монотеистік діндерде пайғамбарлық сенімі
  51. Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер дегенді қалай түсінесіз?
  52. Қазақстандағы ислами ағымдар туралы мәлімет беріңіз
  53. Ислам тарихы: әділетті халифалар дәуірі
  54. Христиандықтағы құдай түсінігі.
  55. Дінге еркіндікке қалай қарайсыз?
  56. Қазақстанда тойланатын ұлттық және діни мейрамдар және олардың ерекшеліктері
  57. Ислам дініндегі негізгі құлшылықтар (ғибадат)
  58. Әлемдік діндердің қасиетті жазбаларын сипаттаңыз
  59. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамдағы орны туралы айтыңыз
  60. Діндерді қалай классификациялауға болады?

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

  1. Армстронг К. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: құдайтану баяны / ауд. Д.Кенжетай, К.Қаратышқанова, А.Тасболат // — Алматы, 2018
  2. Құрманбаев Қ. Құран іліміне кіріспе. – Алматы. 2013.
  3. Анарбаев Н. Қарақұлов Е. Ислам ғылымхалы (Ханафи мәзһабы бойынша). – Алматы: 2012.
  4. Сейтбеков С. Мазһабтар тарихы. – Алматы, 2013
  5. Байтенова Н.Ж,. Бейсенов Б.Қ., Абжалов С.В., Құрманалиева А. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар мен культтар. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2013. – 326 б
  6. Ержан Қ. Ислам ақидасы. – Алматы: 2018. 319 б.
  7. Васильев Л.С. История религий Востока. 8 изд.-М., 2006