Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Теология мамандығына қабылдау бағдарламасы 2020-2021

«6В02203-Теология» білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан өткізу туралы

Жалпы ереже

Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды еткізу қағидалары (бұдан әpi — шығармашылық емтихан) Теология білім беру бағдарламасына (оқу жыл мерзімі 4 жыл) түсетін талапкерлер үшін өткізіледі.

Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің және шығармашылық; бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру.

Шығармашылық емтихан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.

Шығармашылық емтихан 2020 жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.

Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.

Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннін атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, кеңестер, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кейін кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

Шығармашылық емтихан 40 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны – 15 балл.

Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханды қабылдау тәртібі

Шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.

Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.

Шығармашылық; емтиханды өткізу кезінде бip орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.

Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды рәсімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.

Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкер мынадай талаптарды сақтайды:

  • емтихан алушы көрсеткен орынға отыру;
  • тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;
  • аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
  • шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.

Осы қағидаларды бұзған жағдайда талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының титулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару ceбебi туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады.

Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.

Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар:

талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).

Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.

Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.

Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.

Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомостымен және пәндік комиссия хаттамасымен рәсімделеді.

Шығармашылық емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.

Емтихан алушымен сарапталған жоғары және төмен балл жинаған және 5% қалған жұмыстарын пәндік комиссияның төрағасы емтихан жұмыстарын қосымша тексереді.

Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссия төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.

Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.

Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды.

Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

Шығармашылық білім беру бағдарламасына түсетін тұлғалар тестілеудің екі пәнінің ұпайы есептеледі: оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы.

Нормативтік талаптар

«Теология» білім беру бағдарламасы талапкерлердің кәсіби білктілігін тексеруді талап ететін шығармашылықтың қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен тапсырмалары шығармашылық кабілеттері бар, дін негіздері бойынша белгілі деңгейде сауатқа ие тұлғаларды таңдау мақсатында кұрылған.

Осы білім беру бағдарламасына түсу ушін талапкерлер арнайы пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан тапсырады:

  1. Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
  2. Дін негіздері бойынша ауызша емтихан.

«6В022003-Теология» білім беру бағдарламасына түсушілерге арналған

 емтихан сұрақтары

  • Діннің қоғамдағы орны мен қызметі туралы айтыңыз
  • Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен шариғаттың арақатынасы туралы айтыңыз
  • Қазақ даласынан шыққан ойшылдар мен ғұламалар туралы айтыңыз
  • Орта ғасырлық Қазақ топырағындағы мәдениет және ғылым ошақтары туралы айтыңыз
  • Қазақстандағы дін мен мемлекет арақатынасы жайлы не айтасыз?
  • Ислам дінінің қазақ топырағындағы тарихына шолу жасаңыз.
  • Мұсылмандық мерекелер туралы мәлімет беріңіз
  • Исламның бес шартына қысқаша тоқталыңыз
  • Қазақ жеріне христиандықтың таралу тарихы
  • Қазақ даласында таралған діндер мен сенімдер туралы айтыңыз.
  • Дінге берілген анықтамаларға талдау жасаңыз
  • Қазақстандағы дін туралы мемлекеттік заңнамалар туралы айтыңыз
  • Экстремизм және терроризм туралы айтыңыз
  • Исламдағы мәзһабтардың қалыптасуы туралы айтыңыз.
  • Қазақстандағы жаңа діни ағымдар
  • Дін мен ғылымның арақатынасы
  • Ислам сенімінің өзге діни сенімдерден ерекшеліктері қандай?
  • Діндер классификациясы:монотеистік діндер.
  • Қазақстанда діни ағымдар мен қауымдардың көбею себептерін айтыңыз
  • Інжіл – христиандардың қасиетті кітабы ретінде
  • Ислам дініндегі төрт мәзһаб жайында баяндаңыз
  • Қазақтың діни мәндегі салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріңіз
  • Қазіргі Қазақстандағы діни бірлестіктер туралы мәлімет беріңіз
  • Мемлекеттің зайырлылық ұстанымы мен дінге байланысты саясаты туралы айтыңыз
  • Қазақ ақын-жырауларының діни көзқарастарына түсініктеме жасаңыз
  • Діни экстремизм мен терроризмге қандай анықтама бересіз
  • Абай мен Шәкәрімнің ислам діні туралы көзқарастары
  • Қазақ мәдениеті мен исламдық құндылықтар арасындағы ұқсастықты, үндестікті түсіндіріңіз
  • Фиқһ және усул әл-фиқһ туралы айтыңыз
  • Хадис және сүннет ұғымы туралы айтыңыз
  • Ислам дініндегі мәзһабтардың рөлі туралы айтыңыз
  • Тәпсір және тәуил деген ұғымдар туралы айтыңыз
  • Сүннеттің ислам дініндегі орнын анықтаңыз
  • Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  • Діни және атеистік сенімнің ерекшелігі
  • Мұхаммед пайғамбардың өмірі: (Пайғамбарлыққа дейінгі кезең)
  • Кеңес үкіметі кезінде мемлекеттің дінге деген көзқарасына тоқталыңыз
  • Исламдағы тағдырға деген сенім
  • Тәкфир туралы қысқаша түсінік беріңіз
  • Діндегі фундаментализм туралы айтыңыз
  • Діндегі секталық бағыт туралы айтыңыз
  • Ақида және кәлам саласы туралы айтыңыз
  • Ижтиһад және мужтаһид ұғымдарына анықтама беріңіз
  • Ислам және христиан дінінің сеніміне салыстырмалы талдау жасаңыз.
  • Ислам теологиясының негізгі тақырыптары
  • Пайғамбардың сахабалары туралы мәлімет беріңіз
  • Кеңестің кезеңдегі ислам дінінің жағдайы туралы мәлімет беріңіз
  • Қазақ даласында исламға дейін таралған сенімдер
  • Исламдағы харам түсінігі және тыйым салынған әрекеттер туралы мәлімет беріңіз
  • Ислам өркениетінің батыс әлеміне ықпалы
  • Иудаизм дінінің қасиетті кітабы жайында мәлімет беріңіз
  • Мұхаммед Пайғамбардың ислам дінін тарату мен насихаттаудағы қызметін ашып көрсетіңіз
  • Үнді діндерінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
  • Исламдағы зекет құлшылығының әлеуметтік пәні
  • Қазақстандағы ұлттық және діни мейрамдар және олардың ерекшеліктері
  • Діндерді қалай классификациялауға болады?
  • Исламда періштеге сенудің маңыздылығы
  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамдағы орны туралы айтыңыз
  • Дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер дегенді қалай түсінесіз?
  • Қазақстандағы ислами ағымдар туралы мәлімет беріңіз
  • Ислам тарихы: әділетті халифалар дәуірі
  • Діни антропология туралы айтыңыз
  • Христиандықтағы құдай түсінігі.
  • Дінге еркіндікке қалай қарайсыз?
  • Ислам дініндегі негізгі құлшылықтар (ғибадат)
  • Әлемдік діндердің қасиетті жазбаларын сипаттаңыз
  • Монотеистік діндерде пайғамбарлық сенімі
  • Дін философиясы туралы айтыңыз
  • Құрандағы сүрелер мен аяттар турасында түсінік беріңіз
  • Христиан дінінің пайда болу, даму тарихын баяндаңыз
  • Сопылық ілімнің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
  • Қазақ діни ағартушылық мәдениетіндегі мешіттер мен медреселердің маңызын түсіндіріңіз
  • Қажылық рәсімдері туралы мәлімет беріңіз.
  • Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы және оның қызметі туралы баяндаңыз
  • Алғашқы наным-сенімдер: анимизм, фетишизм, тотемизм, магия.
  • Әйгілі мұсылман философтары туралы айтыңыз.
  • Дін феноменологиясы туралы айтыңыз.
  • Дін әлеуметтануы туралы айтыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

  • Армстронг К. Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: құдайтану баяны / ауд. Д.Кенжетай, К.Қаратышқанова, А.Тасболат // — Алматы, 2018
  • Дінтану негіздері. Коллектив авторов – Алматы, 2007.
  • Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар. Коллектив авторов – Алматы, 2012.
  • Қазақстандағы діндер. Коллектив авторов – Алматы, 2008.
  • Байтенова Н.Ж, Қазақстандағы діндер, – Алматы қазақ университеті, 2016.
  • Дінтану. Энциклопедиялық сөздік, 1,2-том, – Алматы қазақ университеті, 2018.
  • Құрманбаев Қ. Құран іліміне кіріспе. – Алматы. 2013.
  • Сейтбеков Смайл, Мәзһабтар тарихы, – Алматы. 2012.
  • Құрманбаев Қайрат, Хадис ілімі (Тарихы және әдіснамасы), – Алматы. 2010.
  • Анарбаев Н. Қарақұлов Е. Ислам ғылымхалы (Ханафи мәзһабы бойынша). – Алматы: 2012.
  • Сейтбеков С. Мазһабтар тарихы. – Алматы, 2013
  • Байтенова Н.Ж,. Бейсенов Б.Қ., Абжалов С.В., Құрманалиева А. Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар мен культтар. Оқу құралы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2013. – 326 б
  • Ержан Қ. Ислам ақидасы. – Алматы: 2018. 319 б.
  • Васильев Л.С. История религий Востока. 8 изд.-М., 2006.