Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Түлектер ЖУГПК

Түлектер университет жайлы

Қасымбаев Қуаныш
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Араб тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы

 

Мен Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің одан әрі өркендеуіне, дамуына, көркеюіне тілектеспін. Елімізде  университеттің дінтану мен исламтану бағытын дамытуға қосып жатқан үлесі орасан зор. Білім беру жүйесін және ғылымды шыңдай отырып, ынтымақтастықты  нығайтып, биіктен көріне берейік!                                                                                                                                                     

Қағазбекова Салтанат Бейсенбайқызы
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Сапа менеджмент жүйесінің маманы, PhD докторант

 

Нұр-Мүбарак Египеттік ислам мәдениеті университетіндегі ұмытылмас студенттік шақтар өтіп кетті. Бірақ ұстаздарымыз, оқытушылар мен достарымыз жайындағы ыстық естеліктер жүрегімізде қалады. Шын жүректен университет ұжымына еліміздің жастарын беделді азаматтар етіп тәрбиелеп оқытуда творчестволық табыс тілеймін. Мен осындай керемет жоғары оқу орнының түлегі екенімді мақтан тұтамын!  

Аймахина Гульжазира Есболовна
Нұр-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің магистрі

Республикамыздағы діни білім ордалары қатарында бұл жалғыз қарашаңырақ десем де болады. Отанымыздың талай танымал діни қызметкерлерін, мемлекеттік қызметкерлермен  ғалымдарды тәрбиелеп шығаруда. Университет студенттерін  тек діни тұрғыдан ғана емес, жан-жақты біліммен сусындатып келеді. Осы оқу орнының  түлегі ретінде білім ордасы мен ұжымына мол табыстар мен үлкен жетістіктерге жетуін тілеймін! Болашақта елімізде ғана емес шетелдерде де абыройы артып, асқақтай берсін!