Университет стратегиясы

 

  • НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
    2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

    1458590459761

    «Біз тәуелсіздік  жылдары ғана мұсылманшылыққа қайта оралдық… Соны қайтару үшін үш мыңға тарта мешіт ашылды. Молдалар жетіспегендіктен мешіттерде неше түрлі адамдар істеді, елімізге исламның неше түрлі  ағымдары келіп жатады, олармен сөйлесетін, түсіндіретін, нағыз исламды, нағыз Құранды білетін мамандар бізде аз. Мен бұл университетті сол себепті аштым».

    ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Нұр- Мүбарак университетіне арнайы келіп студенттерге сөйлеген сөзі. 2012 жыл  22 қазан.

    Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Қазақстан Республикасында  Исламтанушылар, дінтанушылар және араб тілі мамандарын даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны бола отырып, Қазақстан мен шетелдің ғылыми және білім беру қоғамдастығында лайықты беделге ие болды.

    Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Республиканың жетекші діни білім орталығы ретінде көшбасшылық орынды нығайтуға, ғылыми-білім ортасын жетілдіруге  университет  бағытталған.

    Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Исламтану бойынша білім  бағдарламаларын құрастырылып, типтік оқу жоспарларын қалыптастырылады, аталған мамандық бойынша ислами білім берудің барлық жүйелеріне: университеттерге, институттарға, медреселерге, Құран оқыту курстарына және т.б. оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.

    Университетте білім беру үдерісі  ғылым докторы  және магистрі ғылыми және академиялық дәрежелері ,баклавр  дипломы бар жоғары білікті оқытушылардың мамандарды дайындаудың үш деңгейлі үлгісінің негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік технология  университетке толықтай енгізілген, көптілді білім беру бағдарламалары сәтті жүзеге асырылып келеді. Білім инновацияларын жүйелі енгізу, университеттің барлық факультет-кафедраларының үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету, оқу үдерісін заманауи техникалық құралдармен жабдықтау және оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу ойластырылған стратегиялық менеджменттің салдары болып табылады.

    Ұзақ мерзімді және орташа мерзімді жоспарлаудың қалыптасқан тәжірибесі Нұр Мүбарак университетіне талассыз бәсекелес басымдықтарды сәтті жүзеге асыруға және отандық еңбек нарығын жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының 2011–2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Білім туралы» Заңның негізінде Ұзақ мерзімді 2011–2020 жылдарға арналған даму стратегиясы университеттің 2014–2020 жылдарға арналған орташа мерзімдік даму үлгісін анықтап, қойылған стратегиялық міндеттерге қол жеткізу бойынша нақты жоспарларды әзірлеуге мүмкіндік берді.

    Қойылған мақсатқа жетуге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы негізге алынатын болады.

    НҰР-МҮБАРАК  ЕГИПЕТ  ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

    Университеттің негізгі миссиясы — Жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, исламтану саласы бойынша білім бағдарламаларын жүзеге асыру, қоғамның ғылыми, рухани-діни әлеуетін көтеру.

    УНИВЕРСИТЕТТІҢ МАҚСАТЫ

    Университет мақсаты –  жоғары исламтанушылар, білімді имамдар дайындау, болашақ дін қызметкерлеріне практикалық мәселелерді білікті түрде шешуге, мұсылман шариғатының қағидаларын түсіндіруге, діни жора-жоралғылардың дәстүрлі ханафи мазһабына сәйкестілігін, шынайы Исламның қағидаларына қайшы келетін жат сенімдердің белгілерін анықтауға, қоғамның рухани әлеуетінің жоғарылауына және адамгершілік мінез-құлықты бекітуге, қоғамдағы үйлесімді және жоғары дәрежеде білім алған тұлғалардың дамуына қажетті негіз қалауға мүмкіндік беретін  білім және біліктілік кешенін меңгеруге жағдай тудыру.

    УНИВЕРСИТЕТТІҢ МІНДЕТТЕРІ

    — ҚМДБ құрылымдарына, мешіттерге, отандық діни оқу орындарына   қажетті мамандар әзірлеу;
    — Исламтану негіздерін, оның бағыттарын, ғылыми зерттеу әдістемесін игерген, ислам дінінің тарихы мен ілімдерін терең меңгерген жоғары білікті мамандарды – бакалаврларды, магистрлерді, ғылым докторларын және профессорларды даярлау, сондай-ақ, осы саладағы кадрлардың біліктілігін жоғарылатуға жәрдемдесу;
    — Исламтану мамандығы бойынша білім беруді сапалы және бәсекелестікке қабілетті деңгейге дейін жоғарылату;
    — Басқару жүйесін жетілдіру;
    — Елімізде болашақ бетке ұстар/элита/ діни топты қалыптастыруға септесу;
    — Исламтану бойынша білім  бағдарламаларын құрастырып, типтік оқу жоспарларын қалыптастыру, аталған мамандық бойынша ислами білім берудің барлық жүйелеріне: университеттерге,  институттарға, медреселерге, Құран оқыту курстарына және т.б. оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеу;
    — Ислам ілімдерін дамыту, исламтану бойынша қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізу;
    — Исламтану мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде, ғылыми-зерттеу орталықтарында, БАҚ және басқа да құрылымдар қажетті мамандарды даярлау;
    — Еліміздегі діни білім мен ғылым бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан оқу орындары және орталықтармен тығыз байланыс орнату, осыған қатысты қажет ақпаратты жариялау, университет интернет порталының қызметін ұйымдастыру;
    — Исламтану бойынша  қашықтықтан білім беру жұмысын жүргізу;
    — Ханафи мазһабының ұстамдарын  теориялық, ғылыми тұрғыдан  негіздеу;
    — Ғылыми және оқу-әдістемелік инфрақұрылымды дамыту;
    — Шетелдік оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен байланыс және әріптестік қарым-қатынас орнату;
    — Ханафи мазһабының негізіндегі діни пәндер бойынша профессорлар қатарынан жоғары білікті мамандарды тарту.

    УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

    — Оқу процесін ұйымдастыру;
    — Ғылыми жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру, соның ішінде, отандық ислами ғұламалардың  діни, ғылыми  мұраларын жандандыру, олардың еңбектерін талдау;
    — Исламтану бойынша ғылыми, танымдық еңбектер, оқулықтар, оқу құралдарын әзірлеу;
    — Діни мекемелерде қызмет атқарып жүрген мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін жоғарылатуға көмектесу;
    — Діни білімі бар мамандарға деген сұранысты зерттеу және университет түлектеріне жұмысқа орналасуға қолдау көрсету;
    — Өзінің оқыту-педагогикалық және ғылыми қызметінің бағыты бойынша семинарларды, симпозиумдарды және конференцияларды ұйымдастыру;
    — Халықаралық конгрестерге, съездерге, конференциялар мен симпозиумдарға қатысу;
    — Ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен ғылыми еңбектермен алмасуды жүзеге асыру;
    — Ғылыми зерттеулер жүргізу және әр түрлі шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелер мен қоғамдармен, сондай-ақ, жеке ғалымдар мен шет елдердің діни қайраткерлерімен басқа да байланыс түрлерін жүзеге асыру;
    — Ислам діні негіздерін оқыту бағыттары бойынша шетелдік оқу орындарының тәжірибесін жан-жақты зерттеу;
    — Студенттерді отансүйгіштік, ұлтжандылық және қазақ халқының салт-дәстүрін қастерлеу сезімде тәрбиелеу;
    — Студенттерді жасампаз шығармашылық қызметке жұмылдыру.

    УНИВЕРСИТЕТТІҢ МАМАНДЫҚТАРЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

    — Исламтану;
    — Дінтану;
    — Шетел филологиясы (араб және ағылшын тілдері).

    СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР

    — Оқыту бағдарламаларын жетілдіру арқылы университеттің бәсекелесуге қабілеттілігін арттыру;
    — Оқытудың әр түрлі формалары бойынша мамандар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру (соның ішінде қысқартылған оқыту бағдарламалары бойынша, екінші жоғары білім);
    — Ислам қағидаларына байланысты барлық өзекті мәселелерге жауап беретін беделді саты ретінде университет ұстанымын бекіту;
    — Шетелдік университеттермен әріптестік қарым-қатынаста әр түрлі мамандықтар бойынша жаңа бағдарламаларды әзірлеу
    — Докторантура бағдарламасын жүзеге асыру;
    — Шетелдік әріптес оқу орындарын көбейту;
    — Әл-Азһар және Каир университтері сияқты әріптес университеттермен, сонымен қатар, аталған университеттердің көрнекті профессорлармен докторлық диссертацияларды дайындау және қорғау саласында бірлескен ғылыми жетекшілік етуде қарым-қатынас құру;
    — Тәжірибе мен ғылыми зерттеулерді жүргізу мақсатында Еуропа жоғары оқу орындарымен қарым-қатынасты жүзеге асыру, сондай-ақ, бірлескен ғылыми жобаларды  іске асыру;
    — Халықаралық ғылыми конференцияларды өткізудегі қарым-қатынас;
    — Жаңа оқулықтарды, араб тілін меңгеруге арналған жоғары дәрежедегі сөздіктерді құрастыру, сондай-ақ, тіл және дін бойынша мамандырылған пәндер оқулықтарын әзірлеу;
    — Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығын құру арнайы ислами ғылыми зерттеу инситутына айналдыру;
    — Университет құрылысының бас жобасы жасалып, онда университет кешенін кеңейту кезеңдерін көрсету, бірінші кезекте спорт кешені салу мен айналаны паркке айналдыруды іске асыру;
    — Университеттің кіріс көлемін ұлғайту мақсатында қаржы-экономикалық қызметті дамыту және оның ЖОО-ң нәтижелі дамуының негізі ретінде тиімді пайдалануын  арттыру;
    — Ғылыми-зерттеу және білім беру қызметінің аймақтық орталығы ретінде университеттің жетекші тұғырларын қалыптастыру және бекіту;
    — Жастардың оқу, жатақханада тұру, олардың бос уақыт және денсаулық шарттарын жақсарту.

    СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ БОЙЫНША НӘТИЖЕГЕ ЖЕТУДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

    2014 жыл

    — Университеттің ерлерге арналған  бір жылдық дайындық курсының жұмысын бастауы.

    2015 жыл

    — Халықаралық стандарттар бойынша  тәуелсіз ұлттық   институциональды аккредиттеуден өткізу;
    — Диссертациялық кеңестердің жұмысын бастап, алғашқы РҺД докторанттардың қорғау жұмыстары;
    — ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы қаржыландыратын ғылыми жобалардың санын үшке жеткізу;
    — Университет қалашығында мини футбол, тренажерлік залдардың жабдықталып  іске қосылуы;
    — жұмысқа орналасу жөнінде ҚМДБ мен арадағы келісім шарттың жаңартылуы;
    — ҚР облыстары дін істер басқармаларымен  арада келісім шарттың жасалуы;
    — Университет жанындағы  қоғамдық оқу ғылым қорының жұмысын белсенді түрде жолға қою;
    — қор есебінен  компьютер сыныптарының жаңартылуы, оқытушыларға қосымша жалақы  20 пайызға  өсіру.
    — Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген жылы жұмысқа орналасқанының үлесі 78 %,

    2016 жыл

    — Университет студенттерінің санының 1200-ге жетуі;
    — Әбу Ханифа зерттеу орталығының ішінде аударма бөлімін ашу; Қыздарға арналған дайындық курсын іске қосу;
    — Университеттің  құрылғандығының   15 жылдығының аясында ғылыми оқудың кешендік шараларының өткізілуі;
    — Жоғары басшыларының  100 пайызының менеджент саласының  біліктіліктілікті арттыру және  қайта даярлаудан өтті;
    — ақылы бөлімде оқып жатқан студенттерге толықтай «Зекет» қоры арқылы стипендия тағайындау;
    — Үш лингафондық мультимедиялық кабинеттің іске қосылуы;
    — Жыл сайын профессор оқытушылардың  Египет, Малайзия, Түркияда  біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды толық аяқтау;
    — Жеке демеушілер қаражаты негізінде Спорт стадионын салып, пайдалануға беру;
    — Ислами жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесінің дамуы бойынша  ТМД елдері арасынан көшбасшылық орынға шығады;
    — Халықаралық стандарттарға сәйкес мамандандырылған аккредациядан Исламтану мамандығын өткізу;
    — Орта Азия мен Ресейден келіп оқитын студенттердің саны көбеюуі;
    — Университет жанынан имамдардың білімін жетілдіру орталығы құрылады;
    — Ғылыми зерттеу орталығындағы штаттық ғылыми қызметкерлерін санын 30-ға жеткізу.

    2017 жыл

    — Университетке қабылдауды тек дайындық курсынан өткен немесе медресе бітірген түлектерді қабылдау жүйесіне толық өту, Осыған байланысты білім беру бағдарламаларын қайта әзірлеп шығу;  Исламтанту мамандығы бойынша қазақ тіліндегі оқулықтардың дайындалуының аяқталуы;
    — Қашықтан оқу бағдарламасының жүзеге асырыла бастауы;
    — Импакт-факторлы ғылыми журналдарда жарияланымдары жарық көрген профессор-оқытушы құрамның  5 пайызға артуы.
    — Оқу бағдарламаларының египеттік әл-Әзһар университеті жүйесімен теңесуі.
    — Малазия университеттерімен бірлесіп Ислам экомикасы мамандықтарын ашу;

    2018 жыл

    — Университет кітапхана қорының 400000 мыңға жетуі;
    — Университетке түлектер тек медрсеседен кейін , не бір жылдық дайындық курсын бітіргеннен кейін қабылдап тәртібі толықтай орнығады.
    — Жаңа оқу ғимаратының салынуы.

    2019 жыл

    — Әбу Ханифа ғылыми зерттеу орталығын  Ғылыми зерттеу институтына айналдыру;
    — Университет студенттерінің санының 2000-нан асуы;
    — Халықаралық акредитациядан өту;
    — Жұмыс берушілер қауымдастығында біліктіліктің тәуелсіз бағалауынан бірінші реттен  түлектердің үлесі қатысушылардың   санынан  80 пайызға жеткізу;

    2020 жыл

    — Жаңа студенттік жатақхананың салынуы; университеттегі алыс шетелден келіп оқитын студенттер санының артуы;
    — Оқу орнының исламтану саласы бойынша мұсылман елдері арасында  бәсекеге қабілетті оқу орнына айналуы.
    — Университет автономиялық басқару  жүйесіне көшеді.

    Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген жылы жұмысқа орналасқанының үлесі 85 %.