Университеттегі білім сапасын арттыру мақсатында 6 дайындық курсы жұмыс істейді. 150-дей шәкірт 8 ай бойы ақида, фиқһ, Құран тәжуиді, араб тілі, Пайғамбар (с.а.у.) өмірінен дәріс алады. Курста әл-Азһар университетінің отандық түлектері мен ЕАР-нан арнайы шақыртылған ғылым докторлары сабақ береді. Дайындық курсының түлектері «Нұр-Мүбарак» университетіне жолдама алады. Шәкірттерге білім алуға толық жағдай жасалынған.
Қажетті құжаттар:
– Өтініш;
– Жеке куәлік көшірмесі;
– Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
– 3×4 мөлшердегі 6 фотосурет;
– 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флюрография түсірілімі;
– Нарко және психо диспансерден анықтама;
– Сотталмағандығы туралы анықтама;
– 063 егілу таралы анықтамасы.
Ақтөбе қаласы ер балалар дайындық курсы
– Ашылған уақыты: 24.05.2019 жыл.
– Орын саны: 20. Болашақта көбейту жоспарда бар.
– Жасы: 17-29 жас.
– Қабылдау мүмкіндігі: Білімнің сатысына шектеу жоқ. Алфавиттен бастап үйренуге мүмкіндік бар. ЖОО оқыған жандарға облыс әкімінің гранты қарастырылған. Былтыр 8 грант бөлінген.
– Дайындық курсының жағдайы: Жылдық оқу ақысы, жатын орындары мен ас-тамағы тегін. Күнделікті ас мейрамханадан келеді.
– Құжат қабылдау мерзімі: 15 тамыз.
– Іріктеу мерзімі: 15 тамыздан қыркүйек айына дейін.
– Оқу аралығы: 10 ай.
– Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 133б
– Байланыс нөмірі: Ұзақбаев Дастан Шынұзақұлы +7 701 071 81 88
Талғар ер балалар дайындық курсы
– Ашылған уақыты: 01.09.2010жыл.
– Орын саны: 90.
– Жасы: 17-30 жас.
– Қабылдау мүмкіндігі: Нұр-Мүбарак университетінің оқытушыларының сұхбаттасуынан өтеді.
– Дайындық курсының жағдайы: Жылдық оқу ақысы 70 000 тг. Оған жатын орындары, ас-тамағы мен оқу ақысы кіреді. Араб тілі мен шариғи пәндер оқытылады. Қазақстан тарихы мен қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тест емтихандарына дайындық сабақтары оқытылады.
– Құжат қабылдау мерзімі: 01.09.2020-01.10.2020.
– Шығармашылық емтихан мерзімі: 01.10.2020.
– Оқу аралығы: 10 ай
– Мекен-жайы: Талғар қаласы, Кеңдала ауылдық округі, Смыкова 2
– Байланыс нөмірі: Байділдаев Ерғали Бижақанұлы +7 777 835 9393.
Талғар қыз балалар дайындық курсы
– Ашылған уақыты: 01.09.2012 жыл.
– Орын саны: 40-50.
– Жас шектеулігі: 17-30 жас.
– Қабылдау мүмкіндігі: Нұр-Мүбарак университетінің оқытушыларының сұхбаттасуынан өтеді.
– Дайындық курсының жағдайы: Жылдық оқу ақысы 70 000 тг. Оған жатын орындары, ас-тамағы мен оқу ақысы кіреді. Араб тілі мен шариғи пәндер оқытылады. Қазақстан тарихы мен қазақ тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша тест емтихандарына дайындық сабақтары оқытылады.
– Құжат қабылдау мерзімі: 01.09.2020-01.10.2020.
– Шығармашылық емтихан мерзімі: 01.10.2020.
– Оқу аралығы: 10 ай
– Мекен-жайы: Талғар қаласы, Кеңдала ауылдық округі, Смыкова 2
– Байланыс нөмірі: +7 701 155 30 49