Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Ынтымақтастық

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті – Қазақстандағы ислам дінінің  білімі мен ғылымының туын көтеріп, іргетасын  қалаушы жоғары білім ордасы. 20 жылдық тарихында жаңадан бой көтеріп, әлемдегі әріптес ЖОО-мен иық тіресетін жағдайға қол жеткізді. Соның бір айғағы Халықаралық  дәрежеде  10-нан астам университ, институттармен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, маман даярлап, ұстаздардың біліктілігін арттыруда өзара үндестік табуда.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге  шет елдік оқу орындарымен тығыз байланыста. Шет елде білім алушы қазақстандық студенттерді қадағалаумен қатар әріптес ЖОО-мен қарымс-қатынасты үнемі пысықтап келеді.

Нур-Мүбарак ЕИМ университетінің студенттері  жыл сайын Малайзия еліне тілдік тағылымдама курстарына барса, ұстаздар біліктілігін артыру курстарына, ал магистранттар мен докторанттар соңғы жылдарда сапалы, әрі динамикалық дамып келе жатқан халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Малайзия, Түркия, Мысыр, Ресей елдерінде тілдік, ғылыми іс-тәжірибеден өту мақсатында шетелдік білім және ғылым мекемелеріне тағылымдамаларға  жіберіледі.

Нұр-Мүбарак ЕИМ университетінің доктор, профессор, ұстаздары  халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға жиі  шақырту алып, баяндамалар жасап отырады.