Жастар комитеті

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ

  

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жастар ісі жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитеттің) негізгі мақсаты:

—          университетімізді елімізге таныту және де басқа жоғары оқу орындарының (ҚазҰУ, ҚазМПУ сияқты) жастарымен тәжірибе алмасу, түрлі мәдени іс-шараларды бірігіп өткізу;

—         Университет ішінде өтетін іс-шараларға студенттердің белсенді түрде араласуына көмектесу;

—         сан ғасырлар бойы қалыптасқан ата дінімізді Әбу Ханифа мазһабының негізінде қазіргі заман талабына сай (конференция, пікірсайыс т.б.) студент жастарының арасында насихаттау;

—         болашақ исламтану, дінтану және екі шет тілі мамандарының оқу процесі барысында алған теориялық білімдерін қолданбалы тұрғыда тәжірибемен ұштастыру;

—         студенттердің бойында қазақстандық патриотизмді дамыту;

—         болашақ имамдардың, дінге қызмет ететіндердің бойында ұлтаралық және дінаралық төзімділік мәдениеті мен ұлтжандылық, имандылық пен адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, одан әрі тереңдету болып табылады;

—         студенттердің талап тілектерін университет әкімшілігіне жеткізу, екі ортада байланыс болуға көмектесу.

 

Комитет міндеттері

Комитеттің алдына қойған мақсаты төмендегідей:

І Студент – өз мамандығына қатысты теориялық білімдерін практикамен ұштастыру үшін:

а) мешіттермен мүсылман жұртшылығы арасында  болып жатқан діни процестерге діни талдау жасау;

ә) студенттердің жан жақты болып жұмыстарға араласу белсенділігін арттыру;

б) студент — өзінің болашақ мамандығын дұрыс игеріп,  жүйелі түрде білім алу үшін алдын ала бағдарлама жасауды үйрету;

в) студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді дұрыс жолға қою, яғни бекітілген тақырыптар бойынша материалдар жинақтап, мәліметтер базасын жасауды, рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар жазуды үйрету;

г) орындалған жұмыстар (рефераттар, курстық және дипломдық жұмыстар) негізінде туындаған мәселелерге Комитет ауқымында сараптама жасап,талқылау;

ғ) студенттік конференциялар мен жарыстарға Комитет атынан өкілдер дайындау;

1.1 Халықаралық деңгейдегі және республика ауқымындағы өзекті проблемаларға діни талдау жасап, пікірсайыс өткізуді қолға алу.

1.2 Басқа да жоғары оқу орындарындағы студенттік ұйымдармен байланыс орнату.

1.3 Басқа да жоғары оқу орындарымен келісе отырып, «Ислам өркениеті, ғылым мен  мәдениет » тақырыбында кездесулер өткізу.

1.4 Халықаралық қарым-қатынастардың негізін қалыптастыру:

а) интернет желісінде Комитеттің жеке электронды поштасын (E-mail) ашу;

b) интернет желісі арқылы діни зерттеулермен айналысатын орталықтармен электронды хат-хабар алмасу;

с) діни ғылымға арналған интернет-сайттарға шығу арқылы ынтымақтастық құру;

d) халықаралық ислами қайырымдылық қорларымен байланыс жасау.

1.5 Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату арқылы  телебағдармаларға қатысу, газет-журналдардағы тиісті рубрикаларға мақалалар дайындау.

1.6 Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының исламтанушы ғалымдары мен Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің докторларымен маңызды діни мәселелер жайлы сұхбат жүргізу.

КОМИТЕТ ҚЫЗМЕТІНЕН КҮТІЛЕР АҚТЫҚ НӘТИЖЕЛЕР

Комитет қызметінің студенттерге тигізер мынадай игі әсері бар:

1)    Ғылым және білімге ынталандыруы;

2)    Кәсіби маман болып қалыптасуына шынайы алғышарттар жасалуы;

3)    Жастардың арасында дінге деген дұрыс көз-қарас қалыптастыру;

4)    Басқа жоғары оқу орындарының арасында университетіміз жайлы оң көз-қарас қалыптастыру;

5)    Өзін-өзі басқару мен ұйымдастыру қабілеттерінің дамуы;

6)    Тәжірибелі маман шығару.

 

Жастар ісі жөніндегі комитетінің Жарғысы

 

1. Комитеттің негізгі құрылымы

1.1 Комитет құрамы осы Жарғыдағы белгіленген тәртіп бойынша құрылады.

1.1.1 Комитет құрамы:

  1. Комитеттің жетекшілігі;
  2. Комитет төрағасы;
  3. Комитет төрт сектордың қызметіне жауапты тұлғалар:

а) мәдени-қоғамдық сектор;

b) тәрбие сектор;

с) спорттық-патриоттық сектор.

4. Комитет мүшелері.

1.1.2 Комитеттің ғылыми жетекшілігін Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің Исламтану кафедрасының мүшелерінен тұратын тәжірибелі оқытушы-ұстаздар ұжымы жүзеге асырады.

1.1.3  Төрағаны комитет мүшелері ашық дауыс беру арқылы өздері сайлайды. Комитет төрағасы жан-жақты терең білімді, командалық ойлау қабілеті бар, мәдениетті, ұйымдастырушылық қасиеттерге, өз ортасында беделге ие  студент болушы шарт.

1.1.4 Тұлғалар комитетте белгіленген қызметтерге. Сонымен қатар комитет мүшелерін, яғни төраға орынбасарын, секторларға жауапты адамдарды төрағаның өзі тағайындап, университет әкімшілігі оны бекітуі тиіс.

1.1.5 Комитет мемлекеттік (қазақ тілінде) тілде ойлап, сөйлей білетін студенттердің мүшелігімен құрылады.

2. Комитет құрылымының негізгі міндеттері

2.1 Комитет төрағасы ғылыми жетекшілік белгілеген бағыт-бағдар бойынша нақты жұмыс жүргізілуін ұйымдастырып, қадағалайды. Төраға тікелей проректорге бағынады.

2.2 Комитеттің жауапты тұлғалары Жарғыда бекітілген тәртіп бойынша қызмет атқара отырып, Төрағаның қызметіне жан-жақты көмек көрсетеді. Жауапты тұлғалар тапсырылған жұмыстардың сапалы орындалуына жауапты. Өздеріне жүктелген міндеттердің орындалу барысы туралы Жауапты тұлғалар Төрағаға есеп беріп отырады.

2.4 Комитет секторлары

2.4.1 Комитет мүшелерінен барлық секторларға тиісті жауапты іс-шараларға қатысун талап етеді. Өз ісіне жалқаулық пен немқұрайлы қарауға жол берілмейді.

2.4.2  Комитет мүшелері әрбір секцияға жауапты тұлғаға бағынулары тиіс.

2.5 Комитет секторларының қызметтері:

2.5.1  Мәдени-қоғамдық сектор мынадай қызметтер атқарады:

а) комитеттің қабырға газетін шығарады;

b) түрлі бағыттағы мәдени іс-шараларды, кездесу кештерін ұйымдастырады;

с) бұқара көпшілікпен байланыс орнатады;

2.5.2 Ғылыми-интеллектуалдық сектор мынандай қызметтер атқарады:

а) белгілі-бір ғылыми бағыттар немесе тақырыптар бойынша студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады;

b) комитет ауқымында пікір-сайыс орталығын жүргізеді;

с) комитет мүшелерінің үздік ғылыми еңбектері республикалық қоғамдық-саяси басылымдарда жарық көруін жүзеге асырады;

d) халықаралық және республикалық саяси зерттеу-талдау орталықтарымен, республикалық қоғамдық-саяси ұйымдармен ынтымақтасуды ұйымдастырады;

е) ғылыми немесе студенттік конференцияларға, интелектуалдық теле-радио бәйгелер мен жобаларға қатысу мақсатында комитет мүшелерінің ішінен делегаттар дайындайды.

2.5.3 Спорттық-патриоттық сектор мынадай қызметтер атқарады:

а) Комитеттің спорт командаларын жасақтайды;

b) өзге жоғары оқу орындардың арасында спорттық (футбол, тенис т.с.с)  жарыстарды ұйымдастыру;

с) түрлі бағыттағы спорттық іс-шарттарды ұйымдастырады.

3. Комитет мүшелерінің міндеттері, құқықтары мен бостандықтары

3.1 Комитет мүшелері үшін имандылық, кішіпейілділік, адамгершілік, ислами этика-эстетика, әдептілік, мәдениеттілік басты орында. Комитет мүшелері бір-бірінің қадір-қасиетіне ҚР Конституциясында бекітілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғуына жол берілмейді. Сыйластық пен ізгілікті қатаң сақтау басты орында.

3.2 Комитет мүшелеріне теріс пиғылдарды көздейдін және арандатушылық мақсаты бар топтар немесе діни ағымдардың жұмыстарын үгіттеуге, насихатауға қатаң тиым салынады.

3.3 Комитет ауқымында әркім өз ойын еркін, әрі сапалы түрде жеткізуіне құқылы.

3.4 Әрбір студент өзінің идеялары мен ғылыми негіздегі жобаларын ортаға салып талқылауға және комитет мүшелерінен сол мақсатта көмек сұрауға құқылы.

3.5 Комитеттің әрбір мүшесі мемлекеттік тілге баса назар аударып құрметтеуге және оны дамытуға міндетті. Мемлекеттік тілге немқұрайлы қарауға және кемсітуге жол берілмейді.

3.6 Комитет мүшелері жетекшілерінің үміт артып, сеніп тапсырған жұмыстарын, тапсырмаларын бұлжытпай орындауға міндетті.

3.7 Комитет мүшелерінің жетекшісі арқылы көпшілікпен санаса отырып осы комитеттің мақсат-міндеттері мен жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне құқығы бар.

3.8 Комитеттің жекелеген мүшесі ұжымға қатысты мәселе бойынша өз бетінше, комитет мүшелерінің келісімінсіз шешім қабылдауына тиым салынады.

3.9 Комитет мүшелері жекелеген жұмысын сылтау қылып сабақтан, лекция-семинардан немесе тағы да басқа жұмыстардан қол үзіп кетуіне тиым салынады. Ол қоғамдық жұмыстар мен комитет тапсырмаларын сабақтан бос уақытта орындауына құқылы.

5.11 Комитет мүшелері белгіленген түрлі іс-шараларға немесе конкурстық жарыстарға өз еркімен қатысуына құқылы. Қандай да болмасын мәселе бойынша мәжбүрлеу мен еріксіз көндіруге жол берілмейді.

5.12 Осы Жарғы күшіне енгеннен бастап комитеттің мақсат-міндеттерін, жарғы-заңдарын құрметтеп және де оған бағыну комитет мүшелігінің барлығынан талап етіледі. Жарғы талаптары орындалмаған жағдайда Комитет мүшелеріне арнайы белгіленген тәртіптік іс-шаралар қолданады:

— ескерту;

— қатаң сөгіс;

— жетекшілердің арнайы шешімі.