Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының даму стратегиясы

НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ДАЙЫНДАЛҒАН 

ЖАЛПЫУНИВЕРСИТЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ 2015-2020 жылдарға арналған

 ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

 

Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының жұмысы  Университеттің Ғылыми Кеңесінің отырысында бекітілген «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2015-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы» негізінде жоспарланған.

Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер кафедрасының негізгі мақсаттары пен міндеттері:

  • ұлттық, елжандылық сана-сезімі қалыптасқан, әлеуметтік тұрғыдан белсенді, көп мәдениетті қауымдастықта мәдени диалог орната алатын, білікті және бәсекелестікке қабілетті жаңа буын тәрбиелеу ;
  • терең теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар білікті, жан-жақты дамыған мамандарды даярлау;
  • соңғы ғылыми-әдістемелік жетістіктерге сүйене отырып, гуманитарлық пәндерді оқыту;
  • оқу және тәрбие үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  • білім алушылардың білім сапасын жоғарылату мақсатында оқу үдерісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері мен технологияларын тиімді қолдану;
  • студенттердің ғылыми және танымдық қабілеттерін дамыту, студенттерді елдегі болып жатқан мәдени, рухани, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайлар туралы жан-жақты ақпараттандыру.

 

Кафедраның стратегиялық даму бағыттары:

Кафедраның оқу және оқу-әдістемелік қызметі

  1. болашақ маманды даярлау сапасын арттыру;
  2. студенттердің белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруда гуманитарлық пәндердің рөлін арттыру, ұлттық бірегейлікті, патриотизмді, мәдени төзімділікті жоғары деңгейде тәрбиелеу;
  3. оқу үдерісін әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді жетілдіру;
  4. ПОҚ-ы үшін ғылыми және әдістемелік семинарлар ұйымдастыру және өткізу;
  5. педагогика, психология, экономика, экология, орыс және қазақ тілдері бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, оқу-әдістемелік құралдарды, методикалық нұсқаулықтарды және басқа да дидактикалық материалдарды дайындау және басып шығару;
  6. емтихан билеттерін, тест базаларын, кіріс-шығу бақылау сұрақтарын және басқа дидактикалық материалдарды құрастыру және түзету;
  7. ашық тәрбие сабақтарын өткізу; жаңа білім беру технологияларын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларын, оқытудың белсенді формалары мен әдістерін оқу үдерісіне енгізу;
  8. студенттер арасында жыл сайын тілдік олимпиада, әр түрлі деңгейдегі сайыстарды өткізу, пікірсайыс клубын құру.

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі

  • Жетекші шетелдік және отандық ғылыми ұйымдармен, университеттермен бірлескен ғылыми зерттеулерді дамыту. Бұл стратегиялық мәселені шешу кафедраның профессор-оқытушылар құрамынан кафедра деңгейінде ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуді және оны жүзеге асыруды талап етеді.
  • Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми зерттеулерінің сапасын арттыру.

Осы стратегиялық мәселені кафедра деңгейінде шешуге келесі әрекеттер ықпал етеді:

  • мақалалардың, патенттердің санын көбейту; халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларда, симпозиумдарда, форумдарда профессор-оқытушылар құрамының қатысуын арттыру; ҚР ғылыми-техникалық орталығында барлық ғылыми әзірлемелерді тіркеу;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын студенттердің санын арттыру және олардың тиімділігін арттыру;
  • шетелдік студенттерді студенттер конференцияларына қатысуға тарту, мақалаларды бірлесіп жариялау арқылы ғылыми-зерттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
  • Халықаралық ғылыми жобаларға, тренингтерге, гуманитарлық білімнің өзекті мәселелері бойынша ғылыми семинарларға қатысу.
  • Оқу-әдістемелік және ғылыми-танымдық жұмыстар бойынша серіктес университеттермен өзара тиімді серіктестік орнату: оқытушылар құрамымен алмасу, ғалымдарды дәріс оқуға шақыру, бірлескен конференциялар өткізу, бірлескен жобаларды ұйымдастыру және өткізу.