Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Жұмыс берушілер

 
Айнұр Әбдірәсілқызы 
ҚР ҚДМ ҚКК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры

Нұр-Мүбарак университеті – қазақ исламтануының қарлығашы, ұлт болмысымен біте қайнасқан осы бір аялы да аяулы саладағы орны бөлек оқу ордасы. Университетте исламтанулық білімнің ең жоғарғы сатысына дейінгі барлық деңгейлердің қалыптасуы – ел руханиятындағы елеулі жетістіктердің бірі.

Ал Нұр-Мүбарак университетіндегі Дінтану кафедрасы – орныққан тәжірибеге, кәсіби даярлыққа ие білікті мамандар шоғырланған білікті орта. Ислам мәдениетін тереңдете оқытатын университетте орналасуы бұл кафедраның болашақ дінтанушыларды дәстүрлі исламның ішкі болмысын жете түсінетін, қазақы мұсылмандықтың табиғатын терең таныған маман ретінде тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Қазіргі діни ахуал жағдайында маңызды роль атқаратын осындай түлектерді аталмыш университеттің көптеп шығаратынына сенімім мол.

Есенбеков Айдар Рахимжанович
 Алматы қ., Дін істері жөніндегі басқарма басшысы

“Нұр-Мүбарак” университетінің Алматы қаласында болуы біз үшін мақтаныш. Мұндай университеттің ашылуы да еліміз үшін тарихи жағдай. Қазір еліміздің әр аймағында дін мәселелері өзекті. Ал Алматыдағы діни тұрақтылықтың болуында “Нұр-Мүбарак” университетінің орны ерекше. Себебі “Нұр-Мүбарак” бүкіл елімізге, әсіресе, исламтанушылар мен дінтанушылардың сауатты мамандарын даярлап келеді. Бүгінде еліміз үшін білікті діни мамандар аса зәру. Осы жағдайда, бұл оқу орнының маңызы айрықша. Университет басшылығы мен шәкірттеріне сәттілік тілеймін.

Алсабеков Мухаммад-Хусайн Усманұлы
ҚМДБ Мүфтидің Бас кеңесшісі

Дәстүрлі дініміз исламнан қол үзіп, жат ағымдар мен бөтен діндердің жетегінде кеткен азаматтарға, олардың жақындарына сан салалы көмек беріп, салыстырмалы түрде дәйектер келтіре отырып, ата дініміздің артықшылығын түсіндіре алатын дінтанушы мамандар бүгіндері ауадай қажет. Ислам жайлы ғана емес, өзге де әлемдік діндерден, діндер мен ағымдардағы заманауи үрдістерден хабардар болып, бұл мәліметтерді саралап, қоғамға пайдалы ілімге айналдыра алатын дінтанушыларды дайындап, еліміздегі діни ахуалдың тұрақтылығына мол үлесін қосып отырған Нұр-Мүбарак университетінің ұжымына алғыс білдіре отырып, еңбектерінің жемісті бола беруін тілеймін!

Камалов Бақытжан Жарылқасынұлы

Қызылорда  облыстық ішкі саясат басқармасының дін мəселелерін зерттеу орталығы КММ директоры

Әлемдік деңгейде өзекті мәселеге айналып отырған діни жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету – Қазақстандағы мұсылмандардың басын қосып, бірлік пен бірізділікке бастап отырған біздің бірлестік үшін ең негізгі мақсат болып отыр. Бұл үрдісте осы бағытта қызмет етуші мамандардың қатарын жыл сайын сапалы білімге ие саналы түлектерімен толтырып отырған Нұр-Мүбарак университетінің алар орны ерекше.

 

Қайрат Құрманбаев
Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры

Ғылыми ізденіс негіздерінен хабардар, зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістерін толық меңгерген, бірнеше шетел тілдерін игерген жас мамандардың ғылыми ортаға аяқ баса отырып, алдағы уақытта түйткілді мәселелерге өз шешімдерін айта алар, ұзақ мерзімді болжамдар жасай алар, әлемдік дінтану мұрасымен отандық ғылыми қауымды қанықтырар әмбебап ғалымдарға айналады деп сенеміз. Ал осындай жас буынды тәрбиелеп, ғылым майданына аттандырып отырған Дінтану кафедрасына айтар алғысымыз шексіз!