Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті

Жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы

«Болашақ исламтанушының кәсіби құзыреттілігін қалыптасырудағы Араб тілінің рөлі» атты I студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы 2018 жылдың 6 желтоқсанында кафедра оқытушылары алғаш рет Нұр-Мүбарак университетінде исламтанушылар үшін араб тілін меңгерудің маңыздылығын түсіндіретін «Болашақ исламтанушының кәсіби құзыреттілігін қалыптасырудағы Араб тілінің рөлі» атты I студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар: ф.ғ.д. Г.Қ.Рысбаева және PhD докторант О. Шаяхметов.
Конференцияда 3 секция бойынша жұмыс жүргізілді.
Олар:
— I СЕКЦИЯ. Араб тілін жетік меңгеру – білікті исламтанушы
маман дайындаудың негізі.
— II СЕКЦИЯ. Шетел тілінің қазіргі кездегі заманауи көпмәдениет әлеміндегі рөлі.
— III секция. Рухани жаңғыру – жарқын болашақтың негізі.
Конференцияға 56 студент қатысты. Әр секция бойынша 1,2,3 орын бойынша дипломдар берілді. Конференция соңында жақсы баяндама жасап, белсене қатысқан студенттер арнайы диплом және алғыс хатпен марапатталды.
Конференция туралы университет сайтында берілген: «Исламтанушылар үшін Араб тілінің рөлі» деген тақырыпта алғашқы ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті» (06.12.2018). Конференция жастардың білімге деген құштарлығын арттырады.

«Көптілділік – бүгінгі заман талабы» атты IІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті. 2019 жылы 4 желтоқсанда Нұр-Мүбарак университетінде Араб және ағылшын тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Көптілділік – бүгінгі заман талабы» атты IІ студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда екі елдің әнұраны орындалып, алғашқы сөзді ректор, профессор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди сөйлеп, бұл конференция жастардың білімге деген құштарлығын және студенттердің бір емес бірнеше тілді меңгеруге мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Сондай-ақ, Араб филологиясы факультетінің деканы, PhD доктор Адам Махмуд Ахмед факультетте жүргізіліп жатқан жұмыстарды бір қатар таныстырып, студенттердің белсенділігіне ризашылығын жеткізді.
Пленарлық бөлімде студенттер үш тілде баяндама жасады. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру болмақ. Конференцияны кафедра оқытушылары ф.ғ.д. Г.Қ.Рысбаева және PhD докторант О. Шаяхметов ұйымдастырды. Конференцияда 3 секция бойынша жұмыс жүргізілді. Олар: «Араб тілін жетік меңгеру – білікті исламтанушы маман дайындаудың негізі», «Шетел тілінің қазіргі кездегі заманауи көпмәдениет әлеміндегі рөлі», «Көптілділік – заман талабы». Студенттер өздері алған тақырыптарын қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде қорғап шықты. Жалпы конференцияға 3 мамандық бойынша 54 студент қатысып, 18 студент жүлделі орындарға ие болды. Олар: А.Сейдалиева, Н.Дулат, Р.Жүсіп, А.Тойгажинов, Р.Елеусізбаева, Ж.Жаксанов, Б.Құдайбергенов, Қ.Харжаубай, Қ.Сарсенова, А.Оспанова, С.Сатыбалды, Н.Ноғаева, Н.Паттал, А.Тобықбаева, Е.Жұманқұлов, А.Көбей, Б.Әубәкіров,  С.Сайлаубек.
Қорытындылай келе, көптілді білім беру бағдарламасы аясында тəжірибе жинақтап, əлемдік деңгейге қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Көптілді білім беру — көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі.