БАКАЛАВРИАТ

Бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан бағдарламасы

Бакалавриат – заманауи, болашағы бар, толыққанды және сапалы білім алу бойынша әлемнің барлық дамыған елдері мойындаған мейлінше ұтымды бағыт. 

Бакалавр дипломы мемлекеттік үлгідегі толыққанды жоғары білім туралы диплом болып табылады.  Ол жоғары білім талап ететін лауазымға орналасуға және магистратурада оқуды жалғастыруға негіз болады.

 жоғары білім алу деңгейі мен кәсіби дайындық бағыты бойынша  бакалавриатты таңдау бірқатар артықшылықтарға ие:

•  «Бакалавр» біліктілігі дәстүрлі «дипломды маман»-ға қарағанда халықаралық классификация  бойынша қабылданған және дүниежүзіндегі, ең алдымен мейлінше экономикалық дамыған елдердегі барлық жұмыс берушілерге түсінікті.

• Бакалавр даярлаудың орнықтылығы Сізге, қажет болған жағдайда, кәсібіңізді оңай ауыстыруға мүмкіндік береді.  Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес әртүрлі  бағытта бакалаврлар даярлау бағдарламасы, сәйкес мамандықтар тізбесі бойынша, кез келген мамандыққа  бір жыл ішінде ауысуға мүмкіндік беруге арналған.

Оқудың несиелік жүйесі – оқушылар белгілі бір шекарада оқу бағытын жеке жоспарлауға мүмкіндік беретін оқу үрдісін ұйымдастыру әдісі.

Кредит (Credit, Credit-hour) – оқушы/оқытушы жұмысының көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік.  Оқу үрдісін несиелік технология бойынша ұйымдастыруда 1 несие аптасына 3 сағаттық жұмысқа тең деп есептеледі. Сонымен қатар 1 академиялық сағат студенттің 2 сағаттық өзіндік жұмысымен (оқу құралдарымен жұмыс, үй тапсырмаларын орындау және оқытушымен бірге жұмыс) қоса жүреді.

Кредиттік технологиямен оқытудың негізгі мақсаттары:

• студенттердің білім көлемін біріздендіру;

• мейлінше жекелендіріп оқыту;

• өзіндік жұмыстың ролін арттыру.

Әр пән бойынша білім сапасы оқытудың үш сатысында балды-рейтинг жүйесі бойынша бағаланады:

• ағымдағы бақылау (тапсырманы орындау, сабаққа қатысу және басқалар.);

• аралық бақылау (8 және 15 аптада тест түрінде, бақылау жұмысы және т.б.);

• емтихан (егер ағымдағы және аралық бақылау жұмыстарындағы балы жеткіліксіз  болса, студент емтиханға жіберілмейді).

Әр этапта 0-ден 100-ге дейін балл (рейтинг) қойылады және орташа GPA ауыстыру балы есептеледі. Ол семестрдегі барлық пәндер бойынша балдар саны мен несиелер санына қарай есептеп шығарылады.

Егер студент пән бойынша тиісті балл алмаса (60%-дан 100%-ға дейін) , онда оған бұл пәнді қайта алуына тура келеді. Бұл — Retake (ритэйк) деп аталады.

Емтихан қабылдау бағдарламалары

Бакалавриат білім беру бағдарламалары

Исламтану мамандығына қабылдау бағдарламасы 2020-2021 – Исламтану мамандығына қабылдау бағдарламасы (орыс тобына) 2020-2021Исламтану (3 жылдық, қысқартылған) қабылдау бағдарламасы 2020-2021 –Дінтану мамандығына қабылдау бағдарламасы 2020-2021 —Дінтану (Екінші жоғарғы білім) қабылдау бағдарламасы 2020-2021 –Дінтану (3 жылдық қысқартылған) қабылдау бағдарламасы 2020-2021 — Теология мамандығына қабылдау бағдарламасы 2020-2021 —Теология (Екінші жоғарғы білім) қабылдау бағдарламасы 2020-2021 – Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығына қабылдау  арнайы емтихан бағдарламасы 2020-2021

 БАКАЛАВРИАТ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ ПАСПОРТЫ