МАТУРИДИ АҚИДАСЫ – ӘБУ ХАНИФА БІЛІМІНІҢ ЖАЛҒАСЫ

«Матуриди мәзһабы» деген сөз қазір діннен алыс ағайындарға әсте түсініксіз. Мен мұсылманмын деген қаракөздің әрқайсысынан «Біз Ханафи мәзһабындамыз» деген жауап еститініміз заңдылық. Ия, біз фиқһ, амал-шарттар мәселесінде Ханафи мектебінің өкіліміз. Ал көзге көрінбес сенім мәселесіне қатысты сауалдарға ғалымдарымыз Имам Әбу Ханифа мектебінің өкілі Әбу Мансур әл-Матуриди ғалымның ілімін жөн деп санайды.
Сондықтан, Әбу Мансур әл-Матуриди деген кім, оның қандай еңбектері бар, ұстаздары мен шәкірттері кім, қандай еңбектері бар деген сауалдарға жауап іздесеңіз Қалмахан Ержанның «Матуриди ақидасы – Әбу Ханифа ілімінің жалғасы» атты еңбектен жақынырақ таныса аласыз. Жаңа туынды 2014 жылы «Ханафи әдебиеттері» атты сериямен жарық көрді.