Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Новости

Дәстүр мен дін сабақтастығы

16/03/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде тәрбие істері және әлеуметтік даму департаментінің маманы Гульвира Заурбекова студент қыздарға арнап «Муташабиһ аяттардың түсінігі», «Жат ағым түсінігі» мен «Жат ағымның шығу тарихы» тақырыбында лекция оқыды.

Дәріс барысында Г.Ерданқызы муташабиһ аяттарды дұрыс түсіну үшін ақида біліміне сүйенгеніміз орынды болатындығын айта келіп,  теріс ағымнан сақтану жолдарын түсіндірді.

Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – біз ұстанған ислам дінінің басты мұраты. Ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Олай болса, жат ағымның бірлікке емес, бүлікке алып баратын жол екенін ұмытпағанымыз жөн.