Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Новости

Нұр-Мүбарак университетінде Ақтөбе облысының мешіт жамағатына арнайы дәрістер өтті

12/03/2020

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ақтөбе облысы дін істер басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысының мешіт жамағатына арнайы дәрістер өтті.

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат әл-Жинди, проректор, исламтану ғылымы бойынша PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин және өзгеде университеттің оқытушылары таухид, хадис, такфир, һижра, салафия, діни мәтіндерді дұрыс түсіну т.б. тақырыптар бойынша арнайы дәрістер оқыды.

Шарада экстремизмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары  туралы айтылып, Ханафи мазхабының құндылықтарына тоқталып, мешіт жамағатының қойған сұрақтарына толықтай  жауап берілді.

Похожие новости