Новости

Нұр-Мүбарак университетінің студенті Қазақстан жастарының 100 жаңа есіміне енді

26/08/2020

Елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» атты республикалық байқау өз мәресіне жетті.  Білімді жастар қатысқан додада Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіндегі «Дінтану» мамандығының 2 курс студенті Хибадат Жақсылық  жеңімпаз атанды.

Елорда да өткен жарыс қортындысы бойынша Х.Жақсылық ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көсбашылық қабілетін көрсете білгені үшін «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» төсбелгісімен марапатталып, 1 орынға ие болды.

Сондай-ақ Жақсылықтың аталған байқауға қатысуына мұрындық болып, жетекшілік еткен PhD, қауымд.проф  Қалмахан Ержан Сейтұлы ҚР «Bilim-orkeniety» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының алғыс хатымен марапатталды.

Университет басшылығы республикалық байқауда от ойы озық болған студентіміз бен оған жетекшілік еткен оқытушымызды жеңістерімен құттықтайды. Бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Похожие новости