Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Новости

Нұр-Мүбарак университетінің Дайындық курсы шақырады!

24/09/2018

Құрметті талапкер!

 

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  Дайындық курсы 2018-2019 оқу жылына талапкерлерді қабылдайды.  асығыңыз. Исламтану мамандығын таңдаушы шәкірттерге арналған Дайындық курсының оқу орталықтары білім алу, құлшылық-ғибадаттарға қолайлы, заманауи талапқа сай салынған. Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида, сира пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі: Исламтану мамандығына түсу үшін қажетті емтихандарға дайындық сабақтары беріледі. Дәрістерді Мысырдағы әл-Әзһар университетінің түлектерінен іріктелген білікті мамандар, ұстаздар және мысырлық ғылым докторлары дәріс береді. Яғни білім талапкерлері шет елге бармай-ақ Нұр-Мүбарак университеті аясында ислам ғылымын тереңдетілген бағдарламалармен меңгеруге жол ашылмақ.

Жылдық оқу ақысы: 70 000 тг.

Дайындық курсына орта білімі бар, жасы 30-ға толмаған ислам талаптарына бойұсынушы талапты, қабілетті жастар қабылданады. Жатын орындары мен ас-тағамдары толықтай қамтамасыз етіледі. Құжаттар 10-қазанға дейін Нұр-Мүбарак университетінде қабылданады.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73, «Академиялық қалашық» аялдамасы.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР: 

  • Өтініш;
  • Жеке куәлік көшірмесі;
  • Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
  • 3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;
  • 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама + флюрография;
  • 063 үлгідегі егілу туралы анықтама.
  • Мекенжай анықтамасы, наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

Толық ақпарат мына телефондар арқылы біле аласыздар:

Мауленбаев Ғабит: 8747 1907191

Байділдаев Ерғали: 8777 8359393

Жұмабек Бекболат: 8707 5326893

 

 

 

 

 

 

 

Похожие новости