Нұр-Мүбарак
Египет ислам мәдениеті университеті
Новости

Студент көзімен «TOP – 10» оқытушының ең үздіктері онлайн дауыс беру арқылы анықталды

27/03/2020

Нұр-Мүбарак  Египет ислам мәдениеті университетінің студентттері «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде  сауалнама негізінде құрылған 11 критерий бойынша  I семестрде сабақ берген оқытушыларына өз бағалауларын жасап, дауыс берді.

Академиялық мәселелер департаментінің директоры, дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сандыбаев: «Шараның негізгі мақсаты: Студент пен оқытушы арасындағы кері байланысты нығайту. Сондай-ақ университет қабырғасындағы қоғамдық жұмыстарға деген студенттердің  белсенділігін көтеру. Одан өзге оқытушылардың біліктілігін арттыруға үлес қосу» – дей келе,  университет оқытушыларының барлығы өз саласының кәсіби маманы екендігі даусыз деп айтты.

 

Студенттерге жүргізілген сауалнаманың нәтижесі  бойынша ең көп дауыс жинаған 10 оқытушы  іріктеліп, студенттердің көзімен үздік «TOP – 10» оқытушы анықталды. Олар: Әділбаева Шамшат, Шаяхметов Олжас, Нұрмолдина Іңкәр, Қапасова Дариға, Жамашев Азамат, Әміре Ерсін, Қырыкбаева Эльмира, Матар Хасан, Рысбаева Гүлдархан, Жұматаев Әбілқайыр.

Аталған тізімдегі оқытушылар «TOP – 10»  ретінде танылып, студенттердің көзімен бір сағат ішінде онлайн дауыс беру арқылы ең үздік үш оқытушылар қалай анықталдығандығы мен дауыс беру ережелері қалай өткендігі туралы жүйелік администратор Серік Бердібеков тоқталды.

Дауыс беру қорытындысына келсек, Студент көзімен «TOP-10» оқытушы атты сауалнамада  жоғары дауыс жинаған үш үздік оқытушылар:  Жамашев Азамат, Шаяхметов Олжас, Әміре Ерсін арнайы университет басшылығының алғыс хатымен марапатталды.

Похожие новости